Архив событий

03/03/2017

Рудныйда судьялар мен адвокаттар медиацияны қолдану бойынша пилоттық жобаны талқылады

03/03/2017

Рудный қалалық сотының ұйымдастурымен «Бітімгершілік келісім – Азаматтық процестік кодексінің жаңашылдықтарының бірі. Сотқа дейін дауларды медиация тәртібімен реттеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға Рудный қалалық сотының судьясы А.Аяпбергенова, коммуналдық ұйымдар өкілдері, адвокаттар және қалалық сот судьялары қатысты.

Қостанайда сот екі шаруашылық арасындағы дауды партисипативтік рәсіммен шешті

03/03/2017

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Журжа» шаруа қожалығыныңөкілі «ОПТИСОРТ»  ЖШС-нен айыпақыны өндіру туралы шығымымен жүгінді.

Сот отырысы барысында тараптардың өкілдері болып табылатын  адвокаттардың қол қоюы арқылы партисипативтік келісім жасау туралы өтініш түскен.

Өз жұбайын сот залында өлтірді деп айыпталушыға қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды

03/03/2017

Аманкелді аудандық сотының тергеу судьясының қаулысымен ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі (қасақана адам өлтіру) бойынша қарастырылған қылмыстық істі жасады деп айыпталып отырған Н.Бекибаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. 

Еске салсақ, ағымдағы жылдың 28 ақпанында сағат 10.00 шамасында неке бұзу туралы сот процесіне дейін азамат Н.Бекибаев азаматша  Ж.А.Таубаевамен сөзге келіп, күтпеген жерден аяқ кимінің ішінен пышақ алып, оған бірнеше рет сұққан. Жәбірленуші аудандық ауруханаға жеткізіліп, кейін қаза тапқан.