Архив событий

09/03/2017

15 тоты мен жанармайдың 100 талонын ұрлады деп айыпталушыға қатысты сот отырысы басталады

09/03/2017

Қостанай қалалық №2 сотына ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі 2,3-тармақтары (ұрлық) бойынша айыпталып отырған 1991 жылы туған азамат А-ға қатысты қылмыстық іс түсті.

Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 24 қаңтарында сағат 04.00 шамасында А. Қостанайдағы "Дельфин"  зоодүкенінің құлпын бұзып кіріп, одан әр қайсы 15 000 теңге тұратын 5 үлкен тотыны, әр қайсының құны 5000 теңге болатын 10 кішкентай тотыны, 30 000 теңгенің тышқаны мен 11 000 теңгелік торды ұрлаған. Осылайша жәбірленушіге 166 000 теңге материалдық шығын келтірген.

Қостанайда алаяқтықта айыпталып отырған мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері мен адвокатқа қатысты қылмыстық істер сот қарауына түсті

09/03/2017

Қостанай қалалық №2 сотына ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары (мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның қызмет бабын пайдалануымен ірі мөлшерде алаяқтық жасауы) бойынша қарастырылған қылмыстық істі жасады деп айыпталып отырған 1974 жылы туған Қостанай облысының мемлекеттік кірістер департаментінің жедел-іздестіру қызметі басқармасының аға офицері - бас маманы К-ны және ҚР ҚК 28-бабы 4-бөлігі, 367-бабы 2-бөлігі, 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы және 368-бабы 1-бөлігі бойынша (параға сатып алу, ірі көлемде алаяқтық, парақорлыққа делдал болу) қарастырылғ