Архив событий

18/03/2017

Төраға Асламбек Мерғалиев әріптестерін Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады

18/03/2017

          Бүгін Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев әріптестерін Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесімен құттықтады. Тұрғындардың көп ұлтты екенін ескере отырып, төраға ұлтаралық біртілк пен татулықты арттырудағы шуақты мерекенің рөліне тоқтала кетті. 

Наурыз мейрамы қарсаңында ұжымға шуақты көңіл-күй, ашық нұлы күн, жұмыста табыс, отбасында бақыт тіледі.

       

Қостанайда сот талапкердің Семей полигонындағы ядролық сынақтарға қатысқандығының заңды дерегін анықтады

18/03/2017

Қостанай қалалық сотына азамат И. жүгініп, өзінің Семей полигонындағы ядролық оқыту жаттығулары мен сынаққа қатысқандығының заңды дерегін анықтауды сұраған.

          Өз шағымында ол 1979 жылдың сәуірінен 1981 жылдың маусымы аралығында Семей облысының Курчатов қаласындағы әскери бөлімде әскери борышын атқарғанын көрсеткен.