Архив событий

27/03/2017

Спорт кешенінде оқ атқан пединститут студентіне қатысты қылмыстық іс Қостанай сотында қаралады

27/03/2017

Қостанай қалалық №2 сотына ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігі, 287-бабы 2-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша айыпталып отырған Қостанай педагогикалық институтының студенті болып табылатын 1997 жылы туған С-ға қатысты қылмыстық іс түсті.

Сот залында адам өлтіруге жол берді деп айыпталып отырылған арнайы мамандандырылған күзет қызметкеріне қатысты іс сот қарауында

27/03/2017

Бүгін Қостанай облысының Аманкелді аудандық сотында ҚР ҚК 371-бабы 2-бөлігі (салғырттық) бойынша айыпталып отырған 1983 жылы туған азамат К-ға қатысты қылмыстық іс түсті.

Азаматшаға дене жарақатын салған Қарабалық тұрғынына 65 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды

27/03/2017

Қарабалық ауданының 34 жастағы тұрғыны өзімен бірге тұрған әйел В-мен жанжалдасу кезінде оған қол жұмсап, дене зақымын келтірген. Әйелдің мойнынан қылқындырып, аяғымен кеудесінен басқан. Қорланған азаматша жеке шағыммен сотқа жүгінді.

Отбасылық жанжал ағымдағы жылдың 11 қаңтарында таңғы сағат 9 шамасында Қарабалық ауылында болған. Осы күні азаматша бұрын тұрған үйіне жеке заттары мен құжаттарын алу үшін келген. Сөзден сөз шығып жауапкершілікке тартылушы З. азаматшаның мүгедек балаларына тіл тигізе бастаған. Кейін арты соққы салуға ұласқан.