Архив событий

03/04/2017

Арқалықта сот әскерге шақырылушының құқығын қорғады

03/04/2017

Арқалықтың 19 жастағы тұрғыны Елдос Қошқар өткен жылдың қараша айында әскерге шақырылушы ретінде арнайы комиссиядан өту кезінде, ойламаған жерден, бұзақылық жасағаны үшін 2006 жылы қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын білген.

Денсаулыққа қасақана ауыр зақым келтіру ісі бойынша куәгер сотта жалған айғақ берді деп айыпталуда

03/04/2017

Рудный қалалық сотына ҚР ҚК 420-бабы 2-бөлігі (куәнің көрнеу жалған айғақ беруі) бойынша, яғни сот отырысы кезінде жалған айғақ берді деп айыпталып отырған 29 жастағы азамат Ш-ға қатысты қылмыстық іс түсті.

Өткен жылдың 7 желтоқсанында Рудный қалалық сотында ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігімен қарастырылған қылмыстық істе айыпталған азамат И-ге қатысты сот отырысында Ш. куәгер ретінде айғақ берген. Куәгер сотта тек шындықты айтуға ант беріп, өз айғағының шын екендігін растайтын қолтаңбасын қойған.