Архив событий

18/04/2017

Қостанай облысында әжесін өлтірген немере 8 жылға сотталды

18/04/2017

Қостанай облысының Жітіқара аудандық сотында ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша қаралған қылмыстық істе айыпталған 34 жастағы жұмыссыз  Владимир Воробейге қатысты сот үкімі шықты. 

Ағымдағы жылдың 7 ақпанында Жітіқара ауданының Жалтыркөл ауылында ішімдік ішкен В.Воробей өзінің 87 жастағы әжесінің басынан соққы жасаған. 

Сот отырысы барысында істің мән-жайын баяндаған Воробейдің мәлімдеуінше, сол күні ол далада ағаш бұтап, қар тазалаған. Жұмыс барысында ішімдік ішіп жүрген.

Қостанай облысының ювеналдық сотында бала асырап алу тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті

18/04/2017

Қостанай облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Бала асырап алу бойынша азаматтық істерді қарау кезінде, сонымен қатар, медициналық практикада көмекші репродуктивтік технологияларды қолдануда кездесетін мәселелер" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

Қылмыстық сот судьясы студенттермен кездесті

18/04/2017

Республика тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру тұрғысындағы ҚР Судьяларының VII-съезінде қойылған тапсырманы орындау мақсатында Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесті. 

Судья А.Сағындықова "Алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қарау" тақырыбында аталған оқу орнының заң факультетінің 2-3 курс студенттеріне дәріс оқыды.