Архив событий

24/04/2017

Сот ұжымы сенбілік өткізді

24/04/2017

Аманкелді аудандық сотында судьялар мен кеңсе мамандарының қатысуымен сенбілік өтті. Іс шара барысында сот ғимаратының іші мен сыртында жарларды ақтау жұмыстары, ғимарат аумағын қоқыстан жинастыру мен көгалдандыру жасалды. Осындай сенбіліктерді аудандық соттың ұжымы апта сайын өткізуге жоспарлап, ауданның көркеюіне осылайша өз үлестерін қоспақшы.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

24/04/2017

Жангелдин аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлімі бойынша айыпталған азамат  Қ-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

          Шеген ауылының тұрғыны 16 сәуірде өз үйінен шыққан коммуналдық қалдықтарды арнайы белгіленбеген орынқа тастап, қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiретiн іс-әрекет жасаған.

          Сот қаулысымен азамат әкімшілік құқық бұзушылықта кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 22 690 теңге айыппұл салу түрінде жаза тағайындалды.

Қостанай облысында өгей қызын зорлаған қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты

24/04/2017

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК 120-бабы 3-бөлігі 3-тармағы  (көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты зорлық) бойынша айыпталған 41 жастағы Д-ға қатысты сот үкімін шығарды.

Қостанай облыстық сотының ұжымы сенбілік өткізді

24/04/2017

Қостанай облыстық сотында судьялар мен сот мамандарының қатысуымен сенбілік өтті.

Сот ұжымы сот ғимаранының маңындағы аумақты тазалау жұмыстарын жүргізді. Қажетті құралдармен жабдықталған сот қызметкерлері ортақ ынтамен маңыдағы қоқыстарды тазалады. Сонымен қатар жол жиектері мен ағаштарды ақтады, бау бақшаларды, гүлзарлар және ағаш маңдарын тазалады.

Облыстың аудандық және оған теңестірілген соттарында да сенбілік өтіп, сот ғимараттары мен ғимарат аумақтары ретке келтірілді.

Көңіл айтамыз!

24/04/2017

 Қостанай облысының сот қауымдастығы Әулиекөл аудандық сотының судьясы Остапчук Ольга Сергеевнаға әкесі   Киркач Сергей Николаевичтің қайтыс болуына орай қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.