Архив событий

25/04/2017

Сот актілерінің орындалуы барысындағы мәселелер қылмыстық істер жөніндегі сотта талқыланды

25/04/2017

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Сот актілерінің орындалуы барысындағы мәселелер" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік және жеке сот орындаушылар, Қостанай облысы білім басқармасы қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында қылмыстық сот судьясы Жаннар Тлеубаева баяндама жасап, заттай дәлелдемелерді  иесен қайтару немесе жоюға қатысты орындалмаған сот актілері туралы мәліметтерге тоқталды.

Сарыкөл аудандық сотында "Ашық есік күні" өтті

25/04/2017

Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетіп, құқықтық сауаттылық пен сот жүйесіне деген азаматтардың сенімін арттырып, сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Сарыкөл аудандық сотының төрағасы А.Дарбаев "Ашық есік күні" шарасын өткізді.

Азаматтарды қабылдап, заң тұрғысынан туындаған сауалдарына жауап беруге арналған шараға Сарыкөл ауылының тұрғыны О.Косоговская келіп, үйден шығару мәселесіне қатысты сауалын қойды.

Сот төрағасы мәселе бойынша оны заң шеңберінде  шешу жолдарын айтып, түсіндірді.