Архив событий

12/06/2017

Қостанай облыстық сотында Жоғарғы Сот Төрағасының қатысуымен кеңес өтті

12/06/2017

 Бүгін Қостанай облыстық сотында өңір соттарының 2017 жылдың 5 айындағы атқарған сот төрелігінің қорытындылары шығарылды.

Іс- шараға Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, сондай-ақ жергілікті соттардың судьялары қатысты. Бұған қоса, іс-шараға өңірдегі мемлекеттік органдардың басшылары, отставкадағы судьялар, сот жүйесінің ардагерлері мен Соттар әкімшілігінің басшысы қатысты.

Қостанайда судьялық лауазымға үміткерлер сот отырысына қатысушылар рөлін сомдады

12/06/2017

Қостанай облыстық сотының оқу орталығы судьялық лауазымға үміткерлердің қатысуымен көрсетілімдік сот отырысын ұйымдастырды.

Облыстың қалалық соттарында тағылымдамадан өтіп жүрген бес судьялық лауазымға кандидат Қостанай қаласының №2 сотында көрсетілім түрінде сот процесін өткізді. Судья, прокурор, адвокат, сотталушы мен жәбірленуші рөлдері үміткерлер арасында жеребе тастау арқылы бөлінген.

Қарабалық аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру тәртібі талқыланды

12/06/2017

Қарабалық аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтыру, дәлел ұсыну, әкімшілік істерді уақытылы сот қарауына жіберу және де 2017 жылдың 5 айында ішкі істер бөлімімен қозғалып, кейін қысқартылған әкімшілік істер мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.