Архив событий

13/06/2017

Асламбек Мерғалиев сот ұжымына жаңадан тағайындалған "Қостанай облысы соттар әкімшісі" РММ басшысын таныстырды

13/06/2017

Бүгін Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев сот ұжымына жаңадан тағайындалған Қостанай облысы бойынша сот әкімшісінің басшысы Әбдіжәми Әбдірахманұлы Құлдүйсеновты таныстырды.

Жаңа басшы Қызылорда облысында туған, инженер-экономист мамандығы бойынша жоғары білім алған. Сонымен қатар, Әбдіжәми Әбдірахманұлы Құқықтық «Әділет» жоғарғы мектебін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Қостанай қалалық сотында "Ашық есік күні" өткізілді

13/06/2017

Бүгін тұрғындарға құқықтық көмек көрсетіп, құқықтық сататтылықты көтеру және азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында  Қостанай қалалық сотында "Ашық есік күні" өткізілді.

Сотқа келушілерді сот төрағасы Мұрат Найманов қабылдап, азаматтарды қызықтырған сауалдарына жауап беріп, тиісті ұысыныстар берді.

Қала тұрғындары төрағаға сот шешіміне қарсылық келтіріп апелляциялық сатыда қайта қарау тәртібі, сотта өкілдік ету жайы және тағыда басқа мәселелер бойынша сұрақтарын қойды.