Архив событий

22/06/2017

Ұрланған көлік сатып алған Қостанай тұрғыны сот арқылы 3 млн. теңге өндірді

22/06/2017
Қостанай тұрғыны құны 2700000 теңге болған 2010 жылы шығарылған «VolkswagenPassat»  көлігін несиеге сатып алған. Көлік іздеген ерлі-зайыптылар хабарландыруды арнайы сайттан тапқан. 2016 жылдың мамырында сату және сатып алу келісімін жасаған азаматша О. рудныйдың ІІБ көлігін тіркеуге барған. Сол жерде көліктің ұрланғандығын айтқан тәртіп сақшылары, іздеудегі көлікті иесіне бермей қойған.   Әрі көліксіз, әрі ақшасыз қалған азаматшаға ай сайын несие төлеу міндеті жүктелген.