Архив событий

27/06/2017

Қостанайда такси жүргізушісіне шабул жасағандар жазаланды

27/06/2017

Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде ішімдік ішкен үш жігіт «Звездное» қонақүйіне жетпекші болып такси шақырады. Жол бойында жігіттердің бірі өзін нашар сезініп тұрғанын айтып, Қостанай ауданының Алтынсарин ауылына жеткізіп салуды өтінген. Кейін таксиде отырған өзге екі жігіт бір-бірімен сөзге келіп қалады. Олар Мичурин ауылынан екі шақырым асқан жерде көлікті тоқтатып өзара жанжалдасады. Қайта көліккке отырған оларда көлікті және ондағы құнды заттарды ұрлау ниеттері пайда болған. Жүргізуші қасында отырған жігіт қауіпсіздік белдеуімен жүргізушіні буындыра бастаған.

Әулиекөл ауданында жарылғаш зат туралы жалған хабар таратқан азамат екі жылға бас бостандығынан айрылды

27/06/2017

Қостанай облысының Әулиекөл аудандық соты Кұсмұрын ауылының 61 жастағы тұрғыны Балғабай Шаяхметовке қатысты қылмыстық істі қарады. Ішімдік ішкен азамат кешкі мезгілде "112" нөміріне телефон шалып, бес қабатты тұрғын үйде жарылыс болатындығы туралы хабарлаған. Осы әрекетімен ол тұрғындар тыныштығын бұзып, арнайы қызмет жұмысына кедергі келтірген.

Сот үкімімен ҚР ҚК 273-бабы бойынша  (терроризм актісі жөнінде жалған ақпарат таратқаны үшін) айыпты деп танылған азаматқа 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.