Архив событий

01/08/2017

Полициядан қысым көрген азаматша пайдасына моральдық залал өндірілді

01/08/2017

Қостанай қалалық соты полиция қызметкерлері тарапынан көрсетілген қысым салдарынан келген моральдық залалды өндіру туралы азаматтық іс бойынша сот шешімін шығарды.  

Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың 16 қарашасында тәртіп сақшылары Н.Сәрсенбаев пен А.Төлегенов адамды азаптауда айыпты деп танылған болатын. Сот үкімімен Сәрсенбаев жалпы тәртіптегі колонияға 3,5 жылға, ал Төлегенов 3 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасына тартылған.