Архив событий

02/10/2017

Арқалықта бюджеттің 1,5 млн. теңгесін қымқырған бухгалтер 5 жылға бас бостандығынан айырылды

02/10/2017

Арқалық қалалық соты «Арқалық қалалық мәслихаты аппараты» ММ-де бас бухгалтер болып жұмыс істеген 51 жастағы Лейла Бараковаға қатысты қылмыстық іс бойынша  сот үкімін шығарды.

2011 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі алты жыл ішінде азаматша өзінің есеп-картасына 1 274 663 теңге және өз несиесін жабу үшін шағын несие беретін ұйым шотына 125 000 теңгені заңсыз аударған. Осылайша, мемлекеттік мекемеге 1 400 000 теңге көлемінде залал келтірген.   

Жангелдин аудандық соты алты бала тәрбиелеген Жамал апаны "Қарттар күнімен" құттықтады

02/10/2017

Жангелдин аудандық сотының ұжымы «Қарттар күнімен» сотта 25 жыл еңбек еткен Жамал Назарованы құттықтады. Алғашында Жамал апай аудандық сотта хат тасушы одан  сыпырушы болып жұмыс істеп сол жерден зейнеткерлікке шыққан.

Жамал апайдың жұмыс істеген уақытында сот ұжымы бірнеше рет ауысқан, бірақ әрбір судья мен әрбір маман оның есінде қалған, ол жөнінде аудандық соттағы жұмысы туралы жағымды естеліктермен қонақтармен бөлісу барысында айтты.

Рудный қалалық сотында сот жүйесінің ардагерлерімен кездесу өтті

02/10/2017

Рудный қалалық сотында сот жүйесінің ардагерлері мен судьялардың кездесуі өтті. Іс-шараға отставкадағы судья Валентина Криющенкова және құрметті демалыстағы бас маман Любовь Строколь шақырылды.

Сот төрағасы мен судьялар ардагерлерді мерекеслерімен құттықтап, зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.

Өз кезегінде қонақтар сот ұжымына алғыстарын білдіріп, жұмыста табыс тіледі.

Қостанай облысының экономикалық сотының ұжымы ардагерлерді құттықтады

02/10/2017

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Асан Бакишев сот судьялары мен сот қызметкерлерінің атынан облыстың сот жүйесінің қалыптасуына зор үлес қосқан сот саласының ардагерлерін құттықтады.

 Сот төрағасы ардагерлерге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, жақындарының мейірімі мен қамқорлығын тіледі.