Архив событий

10/10/2017

Заңсыз ойын бизнесін ашқан 27 жастағы жігітке қатысты сот отырысы басталады

10/10/2017

Қостанай қаласының №2 сотына ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша (ойын мекемесiн заңсыз ашу не ұстау немесе ойын бизнесi саласындағы қызметтi заңсыз ұйымдастыру) айыпталған 1990 жылы туған К.-ге қатысты қылмыстық іс түсті.

Қостанайдағы көк базардың екі сатушысы қоғамдық орындағы балағат сөздері үшін жазаға тартылды

10/10/2017

Қостанай қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған сотында орталық базардың сатушыларына қатысты екі әкімшілік іс қаралды. 1959 жылы туған Ф. және 1960 жылы туған К. ҚР ӘКБтК 434 бабы 1 бөлігі бойынша айыпталған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде сағат 10 шамасында қоғамдық орында - орталық базарда болған К. және Ф. бір-біріне тіл тигізіп балағат сөздер айтқан, осылайша, қоғам тыныштығын бұзған.

Арқалықта сот 16 жыл құжатсыз өмір сүрген қыз баланың тууы туралы заңды деректі анықтады

10/10/2017

Арқалық қалалық соты 2000 жылғы 23 жолтоқсанда Арқалықта П. Татьянаның туғандығы туралы заңды деректі анықтады. Адамның тууы туралы заңды деректі бекіту туралы шағыммен сотқа «Арқалық қалалық әкімдігінің білім бөлімі» қызметкерлері жүгінген.

Татьяна П. он алты жыл бойы туу туралы куәліксіз өмір сүрген. Үй жағдайында дүниеге келген қыздың анасы баласын тіркеу және құхат алу үшін тиісті органдарға бармаған. Туу турлы заңды деректі анықтау жеке құжат алу үшін қажет.

Татьянаны апасы тәрбиелеп отыр, мектепте барады. Бүгінде анасының тұрғылықты жері белгісіз.