15.05.2014 ж "Тәртіп және құқық" газеті "Облыстық сотта семинар өтті"

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Облыстық соттың оқу орталығы Оқу бағдарламаларының Үйлестірушісі, Қостанай облыстық сотының судьясы Б.Абулхаированың басшылығымен 2014 жылғы 29 сәуірде облыстың аудандық және қалалық сот судьялары үшін «Жер пайдалану құқығы туралы даулар (шекараларын бұзу, өз бетінше басып алу, мемлекет пайдасы үшін жер учаскелерін алып қою)» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Д.А.Шипп, облыстық сот судьялары мен Қостанай, Рудный, Лисаков қалалық соттарының, Қостанай аудандық сотының, МАЭС-ның судьялары қатысты.

Қостанай қалалық сотының судьясы Ж.М.Садвокасов «Жауапкер В.Ф.Луценкоға Қостанай қаласы Әкімдігінің талабы бойынша азаматтық істің мысалында мемлекет пайдасы үшін жер учаскелерін алып қою негіздері» тақырыбында баяндама жасады.

Экономикалық сот судьясы М.Ж.Салькееваның баяндамасы «Қостанай қаласы Әкіміне «Урал ЛТД» ЖШС-ның әрекетіне шағым келтіру, моральдық зиянды өндіріп алу талабы бойынша азаматтық істің мысалында мемлекет пайдасы үшін жер учаскелерін алып қою тәртібі» тақырыбында болды.

Қостанай қалалық сотының судьясы А.О.Ергалиев «Н.Г.Рубиске Қостанай қаласы Әкімдігінің талабы бойынша азаматтық істің мысалында мемлекет пайдасы үшін жер учаскелерін алып қоюдағы өтемақы мөлшерін анықтау тәртібі» атты тақырыпты ашты.

Қостанай облыстық сотының судьясы Ж.А.Жайлебаева Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ақпараты бойынша жер заңнамасының бұзушылықтары туралы айтты.

Семинар соңында азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Д.А.Шипп барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, семинар мазмұнды болғанын, осы санаттағы істерді қарауда кейбір қиыншылықтар кездесетінін және аталған даулардың соттылығына назар аудару керектігін атап өтті.

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі