15.05.2014 ж "Тәртіп және құқық" газеті"Судьялар марапатталды"

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Өткен айда Қостанай облыстық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен республика соттарында 2014 жылғы 1 тоқсанда сот төрелігін іске асыру қорытындысы бойынша бейнеконференцбайланысы өтті.

Аталған шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Қ.Ә.Мәми, Жоғарғы Соттың судьялары, Республиканың облыстық сот судьялары қатысты.

Онлайн тәртібінде ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Қ.Ә.Мәми республика соттарында 2014 жылғы 1 тоқсанда сот төрелігін іске асыру қорытындысы бойынша баяндама жасады.

ҚР Жоғарғы Сотымен бейнеконференцбайланысы аяқталған соң облыстық сот төрағасы Ғ.Ж.Мырзаке ҚР судьялар Одағы Орталық кеңесінің «Судьялар Одағының Құрмет белгілерімен марапттау туралы» қаулысынан үзінді оқып, марапаттауларды табыс етті.

Сот жүйесінде көп жылғы мінсіз еңбегі, сот төрелігін атқарудағы жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі үшін келесі судьялар:

Қостанай облыстық сотының судьясы Лидия Фридриховна Щесняк–Қазақстан Республикасы судьялар Одағының «Үш би» Құрмет белгісімен ;

Қостанай облыстық сотының судьясы Надежда Георгиевна Верещага мен орнынан түскен судья Тұрсынбай Самбитұлы Жармұхамедов– «Судьялар Одағының Құрметті мүшесі» Құрмет белгісімен;

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айжан Әділқызы Күлбаева– Қазақстан Республикасы судьялар Одағының құрмет грамотасымен;

Қостанай облыстық сотының судьясы Әмірғали Жолдыбайұлы Досмұхамбетов – «2013 жылдың үздік судьясы» құрмет грамотасымен марапатталды.

Жітіқара аудандық сотының судьясы Гульфия Камалқызы Мухтееваға судьялар қауымдастығындағы белсенді жұмысы үшін алғыс жарияланды. 

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі

Тэгтар: