ХАБАРЛАМА

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

 «Б» корпусының  төменгі емес болып келетін бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға  жалпы конкурс жариялау туралы хабарландыру

 

          Конкурсқа қатысушылардың барлығына қойылатын біліктілік талаптары:

 

С-R-1 санаты бойынша жоғары білім;      мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-4, В-4, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

      4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;*

      7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      8) ғылыми дәрежесінің болуы.*

 

С-О-5 санаты бойынша жоғары білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;*

      6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы.*

 

С-R-4 санаты бойынша: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

   жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

*Ескерту: Осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық айлықақысы:

 

Санаты

Еңбек өтіліне қарай лауазымдық айлықақысы

min

max

С-R-1

142412

192382

С-О-5

83282

112430

С-R-4

73288

99106

 

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің /Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының аппаратының/ Қостанай облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ, индекс 110000, Қостанай қаласы, Пушкин қөшесі, 100/1 үй, анықтама үшін телефон 8(7142) 99-00-55, 99-00-54, электронная почта : 714-0201@sud.kz, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.

 

Қостанай облысы бойынша Соттар әкімшісі:

 

       1. Қостанай  облысы бойынша Соттар соттардың ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау  бас маман-ақпараттық технологиялар бойынша ( негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 2017  жылғы 27.12  дейін),  лаузымына С-О-5 санатына- 1  бірлік.

Функционалдық міндеттері: Қомпьютерлік жүйе мәліметтері базасының қызметін қолдауды, мәліметтердің толықтығын қамтамасыз етуді,жүйеге рұқсатсыз косылудан қорғауды жүзеге асыру,компьютерлік техниканың амалдары мен мүмкіндіктерін неғұрлым толық пайдалалану мақсатында бағдарламалаудың оңтайлы әдістерін қолданы, компьютерлік жуйе ресурстарына жуйені пайдаланушылардың кіру құқықтарын реттеу, компьюерлік жүйе  ақпараттырына қосылу есебі және тіркелудің стандартты және арнайы тәсілдерін пайдалану.

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары  техникалық ғылымдар және технология (басқаруды автоматизациялау, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы, программалық қамтамасыз ету).  «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін

 

Аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңселері бойынша:

 

2. Әулиекөл  аудандық соты кеңсесінің меңгерішісі ( негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 2018  жылғы 01.02  дейін) лаузымына,  (С-R-1 санатына) -1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Сот кеңсесінің жұмысын ұйымдастыру, статистикалық есепті уақытылы ұсыну және құрастыру, заттай айғақтарды, азаматтық және қылмыстық істердің сақталу және есепке алу жұмыстарын іске асыру, жеке қаулы және анықтамаларды есепке алу, олардың орындалуы бойынша хат жазу жүргізуді қадағалау, сотта іс қағаздардың дұрыс жүргізілуін ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқық (заңтану); «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

     3. Бас маман-сот мәжілісінің хатшысы лауазымына, (С-R-4 санатына)- 2 бірлік:    Қостанай аудандық соты ( негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 2017  жылғы 01.07  дейін)  -1 бірлік, Амангелдин аудандық соты-1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Сотта істі қарауға істі әзірлеуді ұйымдастыру, куәгерлерді және процеске қатысушыларды шақырту, сот мәжілісінің хаттамасын тиісінше рәсімдеу және жүргізу, үкімнің заңды күшіне ену туралы анықтаманы рәсімдеу, сот мәжілісінде қарастырылуға бекітілген істердің тізімін құрастыру, сот төрағасы тапсырысы бойынша шағымдарды, шешімдерді, сот қаулыларын қарастыру,аяқталған істерді, журналдар мен карточкаларды дайындау және  мұрағатқа тапсыру.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғарғы құқықтану (заңтану), ортадан кейінгі құқықтану (құқықтану) немесе техникалық және кәсіптік білімімен мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда рұқсат етіледі. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

      4. Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының  аға сот приставы  (С-R-4 санатына)- 1 бірлік:   

Функционалдық міндеттері: Сот жасауылдарының жұмысын ұйымдастыру, сот ғимаратында және сот мәжілісі залында құқық бұзушылыққа жол бермеу және есекерту, тұлғаның қауіпсіздігі мәселесі бойынша айдауыл қызметі  қазметкерлерімен қарым-қатынас жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғарғы құқықтану (заңтану), ортадан кейінгі құқықтану (құқықтану) немесе техникалық және кәсіптік білімімен мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда рұқсат етіледі. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

 

Жалпы  конкурсқа қатысу үшін  қажетті құжаттар:

            1) бекітілген нысанындағы өтініш;

             2) 3х4 үлгідегі суреті бар бекітілген  нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
            4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесі;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасының азаматы екендігін растайтын жеке куәлігінің көшірмесі;
            7) құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі).

8) құжаттарды тапсыру сәтінде сенім берілген органда жеке басы сапасын бағалаудан өту туралы қортындысы (немесе сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі).

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

«Қостанай облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ  мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің арасындажалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Қостанай облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ мемлекеттік мекемесі, 110000, Қостанай қаласы, Пушкин көшесі 100/1қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде – жалпы  конкурсты өткізу жөніндегі хабарлама жарияланған соңғы күнінен бастап   7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы қажет.

Конкурсқа  қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірімей береді.

Жалпы конкурсқа қатысушылар және әңгімелесуге жіберілген кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етілген күннен бастап үш жұмыс күннің ішінде  ««Қостанай облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне)  жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу жөніндегі шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу  және қайту, тұратын жерді жалдауды, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді. 

         

18.04.2017