ХАБАРЛАМА

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

2021 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесімен аудандық және оған теңестірілген сот төрағаларының, облыстық сот судьяларының, аудандық және оған теңестірілген судьяларының бос орындарына орналасу үшін кезекті конкурс жарияланған.

Қостанай облысы бойынша:

аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:

Рудный қалалық сотының төрағасы (жалпы юрисдикия);

мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы.

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

Қостанай облыстық соты – 2 бос орын;

мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты – 4 бос орын.

«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес, конкурсқа қатысу үшін тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын алу қажет.

Аталған конкурсқа тілек білдірушілер облыстық сотының жалпы отырысында және Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңес отырысында кандидатураларын қарау туралы өтініштерін «Төрелік» бағдарламасы арқылы,  Сот кабинеті немесе 714-1001@sud.kz эл. мекен-жайына (нақты қандай бос судья қызметі мен соттың толық атауы) 2021  жылғы 26 ақпанға дейін жолдаулары қажет.

Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңес отырысы 2021 жылы 10 наурызда сағат 10.00-де Қостанай қаласы, Н.Ә.Назарбаев көшесі,233 мекен-жайында өтеді.

Қостанай облыстық сотының жалпы отырысы  2021 жылы 10 наурызда сағат 16.00-де өтеді.