"Қостанай таңы" газеті 02.04.2014 ж

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Сот құжаттарын беру тәртібі

"ҚР сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі" бағдарламасы бойынша аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулық 2012 жылғы 21 маусымдағы №255, сот істері олармен сот ғимаратында танысу үшін тек аудандық сот төрағасының немесе іс өндірісінде болған судьяның рұқсатымен ғана ҚР іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша іске асады. Қылмыстық іс бойынша сот-талушыдан, жәбірленушіден, сондай-ақ қылмыс ісі бойынша азаматтық талапқа қатысты азаматтық талапкерлерден, азаматтық жауапкерлерден немесе олардың өкілдері мен тараптарынан, дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалардан және азаматтық істер бойынша заңды өкілдерден, ме-диаторлардан жеке басын куәландыратын құжаттар талап етіледі. Бірінші және апелля-циялық сатыдағы сотқа қатысқан қорғаушыларға, сондай-ақ іс жүргізу аяқталған істермен танысатын адвокатқа лицензия нөмірі мен берілген күні көрсетілген заңды кеңесінің ордері мен жеке куәлігін ұсынған жағдайда беріледі. Бұл ретте істерді жіберу туралы талаптар мен ілеспе хаттар істер қайтарылғанға дейін соттың істер номенклатурасында, бақылау нарядтарында сақталады. Сотқа сұратқан істер 1 айдан астам уақыт ішінде қайтарылмаған жағдайда, мұрағатшы оларға ескертулер жібереді, бұл істерді сот төрағасы бақылауға алып және оларды уақтылы қайтару үшін барлық шаралар қолданылады.

Іс сотқа қайтарылғаннан кейін құжаттар (істі жіберу туралы талап, ілеспе хаттың көшірмесі) бақылау мұқабасынан алынып, уақыты өткен соң істерді кері қайтару туралы хатпен бірге іс материалдарына тігіледі. Сот істерінен алынған, судьяның қолы қойылған мөрімен, болмаған жағдайда тегі мен берілген күні көрсетіле отырып, сот төрағасының қолымен куәландырылған жекелеген құжаттар және олардың көшірмелері мен істер бойынша жазбаша анықтамалар сот төрағасының немесе осы іс оның өндірісінде болған судьяның рұқсатымен жазбаша арыздары бойынша сотталғандарға, ақталған адамдарға, жәбірленушілерге, азаматтық іс бойынша тараптарға және олардың өкілдеріне кеңсе меңгерушісі береді.

Іс материалдарынан түп-нұсқа құжатты алған тұлға, құжатты алу туралы қолхатты береді. Қолхат іс материалдарына қоса тіркеледі. Оларға келіп түскен шағымдарға байланысты тексеру жүргізетін, соттың және прокуратураның жауапты тұлғаларына танысу үшін істер мен материалдар сот төрағасының немесе міндетін атқарушы адамның рұқсатымен беріледі. Сот актісінің көшірмесі тиісті көшірмені алған адамның қолхатымен бе-рілуі тиіс. Құжаттың көшірмелерін поштамен жіберген жағдайда, бұл туралы анықтама парағына белгі қойылады. Құжатты куәландыру сипатындағы сот актілерін бұрмалау фактілерін болдырмау мақсатында, сот актілерін берудің тәртібі белгіленген. Мәселен, соттардың сот актілерінің көшірмелері істі қараған судья-ның қолымен, ал ол болмаған жағдайда сот төрағасының немесе оның міндетін атқарушы адамның қолымен куәландырылады. Сот актілерінің және анықтамаларының көшірмелері міндетті түрде сот актісінің берілген күні көрсетіле отырып, соттың мөрімен куәландырылуы тиіс. Соттың мөрі судьяның қолын жауып қалмайтындай қойылуы керек.

Соттың заңды күшіне енбеген сот актілерінің көшірмелерінде "заңды күшіне енбеген" деген белгі болуы тиіс. Осы жазу сот актісін шығарған судьяның қолымен берілген уақыты көрсетіліп, соттың мөрімен куәландырылады. Заңды күшіне енген актінің көшірмелерінде соңғы парағының сыртында күні көрсетіле отырып, "заңды күшіне енген" деген белгі қою қажет.

Сот талқылауының қатысушысы болып табылмайтын тұлғаларға сот актілерінің көшірмелері сот төрағасының жазбаша рұқсат қағазы тек мемлекеттік баж салығы төленгеннен кейін ғана беріледі.

Р.ҚҰМАРОВА,

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы.

Тэгтар: