«Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру тәртібі туралы нұсқаулық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы
Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

    Қазақстан Республикасы ЖоғарғыСотының

   жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз

    ету  департаменті (Қазақстан Республикасы

    Жоғарғы Сотының  аппараты) басшысының

    2014 жылғы «11» тамыздағы № 380 өкімімен

                        БЕКІТІЛГЕН

«Сот кабинеті» электрондық ақпараттық

сервисі арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру

тәртібі туралы нұсқаулық

1.     Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты интернет-ресурсының «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру тәртібі туралы осы нұсқаулық электрондық құжат нысанында  сотқа құжаттарды беру мүмкіндігін көздейтін Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» және «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.

2. Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты интернет-ресурсының «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі (бұдан әрі – «Сот кабинеті») арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесінде оларды қабылдау, тіркеу және өңдеу тртібін реттейді.

2. Электрондық құжаттарды беру шарттары

3. Жеке тұлғалар және олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері «Сот кабинетінде» орналастырылған электрондық нысандарды толтыру арқылы электрондық құжаттарды сотқа ұсынуға құқылы. Бұл үшін көрсетілген адамдар «Сот кабинетіне» тіркелуі қажет.

4. «Сот кабинетіне» тіркелген адам электрондық құжаттарды беру сервисінің пайдаланушысы болып табылады.

5. «Сот кабинетіне» авторизациялау ЖСН-нің немесе БСН-нің және парольдің көмегімен жүзеге асырылады. Арыз (өтініш) берген кезде заңды тұлғаның өкілі авторизацияны БСН арқылы жүзеге асырады.

6. Электрондық құжаттарды беру сервисін пайдаланушы «Сот кабинетіне» авторзациялау рәсімінен өткеннен кейін:

1) талап арызбен;

2)  сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арызбен;

3) сот отырысының хаттамасына ескертумен;

4) өтінішпен сотқа жүгіне алады.

3. Берілетін құжаттарға қойылатын талаптар

7. Сотқа ұсыну үшін арыз (өтініш) мәтіндік форматта жүктеледі (қарпі 14 Times New Roman, жартылай интервал)

8. Әрбір жеке құжат құжаттарды беру жүйесінде жеке файл түрінде жүктелуге тиіс. Файлдардың саны сотқ берілетін құжаттар санына сәйкес келуі керек.

Пайдаланушы жүктейтін файлдың форматы*doc, *docx, *pdf, *jpeg сәйкес келуі тиіс. Файлдың ең үлкен көлемі 10 МВ-дан аспауға тиіс.

4. Талап арыз беру

9. Берілетін талап арыздардың нысны мен мазмұнына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексімен белгіленеді.

10. Пайдаланушы «Талап арыз беру» сервисін таңдауды жүзеге асырады, төмендегі деректер көрсетілетін электрондық талап арыз нысанын толтырады:

1) облыс;

2) талап арыз берілетін сот;

3) соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылған жағдайда:

- «төлемеу» деген жолға  белгі қойылады;

- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 541-бабына сәйкес мемлекеттік баждан босатылған істер санаты/талапкерлер көрсетіледі;

4) мемлекеттік баж сомасы;

5) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік бажды онлайнмен төлеген жағдайда  «онлайн-төлем» жолы толтырылады;

6) арыздың сипаты;

7) істің санаты;

8) даудың жалпы сомасы;

9) процестің тараптары.

11. Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер арқылы, электрондық терминалдар, банкоматтар және өзге де электрондық құрылғылар арқылы төленген жағдайда пайдаланушы құжаттарды беру жүйесіне мемлекеттік баждың төленгені туралы төлем құжатының (төлем тапсырмаларының, түбіртектердің, чектердің және басқаларының) көшірмесін жүктейді.

12. Пайдаланушы талапкер туралы деректерді (жеке немесе заңды тұлғалар үшін) және жеке немесе заңды тұлға болып табылатын жауапкер туралы деректерді толтырады. Егер бірнеше адам талапкерлер немесе жауапкерлер болса, олардың әрқайсысы туралы ақпарат көрсетіледі.

13. Электрондық талап арызға құжаттардың көшірмелері электрондық нысанда қоса тіркеледі.

14. Пайдаланушы тиісті файлдарды құжаттарды беру жүйесіне жүктейді. Файлдарды жүктеу аяқталған соң пайдаланушы оларды түзету мүмкіндігін пайдаланып, енгізілген деректердің дұрыстығын тексереді.

15. «Электронды үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы мемлекеттік бажды төлеу электрондық талап арыз нысаны толтырылғаннан кейін жүргізіледі.

16. Талап арыз пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылғаннан кейін Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне беріледі.

5. Сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арыз беру

17. Сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арызды беру үшін пайдаланушы «Сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арыз беру» сервисін таңдайды, төмендегі деректер көрсетілетін электрондық арыз нысанын толтырады:

1) процестің тарабы;

2) телефон;

3) почталық мекенжайы;

4) облыс;

5) сот отырысы хаттамасының көшірмесін электрондық түрде беру туралы арыз берілетін сот;

6) істің нөмірі;

7) іс бойынша талапкерлер (сотталушы, сотталған);

8) іс бойынша жауапкерлер (жәбірленуші).

18. Пайдаланушы сот отырысының хаттамасын  ұсыну туралы арыз бен  оған қоса берілетін құжаттарды қамтитын файлдарды құжаттарды беру жүйесіне жүктейді. Файлдарды жүктеу аяқталған соң пайдаланушы оларды түзету мүмкіндігін пайдаланып, енгізілген деректердің дұрыстығын тексереді.

19. Сот отырысының хаттамасын  ұсыну туралы арыз пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылғаннан кейін Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне беріледі.

6. Сот отырысының хаттамасына ескертулер беру

20. Сот отырысының хаттамасына ескертулер беру үшін пайдаланушы «Сот отырысының хаттамасына ескертулер беру» сервисін таңдайды, төмендегі деректер көрсетілетін электрондық арыз нысанын толтырады:

1) процестің тарабы;

2) телефон;

3) почталық мекенжайы;

4) облыс;

5) сот отырысы хаттамасына ескерту-арыз берілетін сот;

8) іс бойынша жауапкерлер (жәбірленуші);

9) хаттаманың күні.

21. Пайдаланушы сот отырысының хаттамасына ескертулер мен  оған қоса берілетін құжаттарды қамтитын файлдарды құжаттарды беру жүйесіне жүктейді. Файлдарды жүктеу аяқталған соң пайдаланушы оларды түзету мүмкіндігін пайдаланып, енгізілген деректердің дұрыстығын тексереді.

22. Сот отырысының хаттамасына ескерту пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылғаннан кейін Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне беріледі.

7. Өтініш беру

23. Өтініш беру үшін пайдаланушы «Электрондық өтініш беру» сервисін таңдайды, төмендегі деректер көрсетілетін электрондық арыз нысанын толтырады:

1) телефон;

2) почталық мекенжайы;

3) қысқаша сипаттамасы;

4) облыс;

5) өтініш  берілетін сот.

24. Пайдаланушы өтініш пен оған қоса берілетін құжаттарды қамтитын файлдарды құжаттарды беру жүйесіне жүктейді. Файлдарды жүктеу аяқталған соң пайдаланушы оларды түзету мүмкіндігін пайдаланып, енгізілген деректердің дұрыстығын тексереді.

25. Өтініш пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылғаннан кейін Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне беріледі.

8. Келіп түскен электрондық құжаттарды қабылдау және тіркеу

26. Пайдаланушы жөнелткен электрондық арыздың (өтініштің) деректемелері мен құжаттардың файлдары Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық сервисіне келіп түскен кезде автоматты түрде кіріс құжаттың тіркеу бақылау карточкасына көшіріледі.

27. Жеткізілген электрондық құжат сот органдарының ақпараттық жүйесінде «Кіріс хат-хабар» - «Тіркеу күтілуде» - «БААТЖ» - «Электрондық талап арызды беру/тіркеу модулі» папкасына орналастырылады.

28. Электрондық құжат нысанында келіп түскен талап арыз мынадай құжаттардан тұрады:

1) кіріс құжаттың тіркеу бақылау карточкасы;

2) азаматтық іске арналған нысандар (1А нысаны);

3) адамға арналған нысандар (процесс тараптары);

4) электрондық құжат нысандары;

5) мемлекеттік бажды төлеу нысандары (электрондық төлем).

29. Келіп түскен сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арыз, сот отырысының хаттамасына ескерту, электрондық құжаттар нысанындағы өтініш мынадай құжаттардан тұрады:

2) электрондық құжат нысандары.

30. Электрондық арыздарды (өтініштерді) тіркеу Қазақстан Республикасы сот органдары ақпараттық жүйесінің электрондық құжат айналымы арқылы электрондық түрде келіп түскен құжаттарды тіркеуге ұқсас жүргізіледі.

9. Мемлекеттік баждың төленгенін тексеру

31. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес сотқа талап арыздармен, ерекше талап қою арқылы іс жүргізу арыздарымен, ерекше іс жүргізу істері жөніндегі арыздармен (шағымдармен), сот бұйрығын шығару туралы арыздармен, атқару парағының телқұжатын беру туралы арыздармен, төрелік, аралық соттың және шетелдік соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындауға атқару  парақтарын беру туралы арыздармен, сот актілерінің көшірмелерін, атқару парақтарын және өзге де құжаттарды қайтадан беру туралы арыздармен жүгінген жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік бажды төлеушілер болып табылады.

32. Мемлекеттік баждың төленгенін тексеру кіріс құжаттың тіркеу бақылау карточкасында «Сот ісін жүргізу» қосымшасында «Электрондық төлем» нысанын ашу және «Төлемді тексеру» батырмасын басу арқылы жүзеге асырылады.

33. «Бюджетке төлемдер жөнінде ақпаратты сұрау» деген ашылған терезеде «ОК» батырмасы басылады. Салық органының шотына төлемді аудару кезінде «ҚР Қаржымині Салық комитетінің  жүйесінде бюджетке төленгенін тексеру сауалы» деген ашылған терезеде  қажетті деректемелері бар төлемді растау туралы сауалдың оң нәтижесі болады.

34. «ҚР Қаржымині Салық комитетінің  жүйесінде бюджетке төленгенін тексеру сауалы» деген терезеде төлем болмаған жағдайда төлемді растау туралы сауалдың теріс нәтижесі болады. Төлем расталмаған кезде Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкес әрекеттерді орындау қажет.

35. Төлемнің түскенін тексеру кезінде Салық органының шотына  мемлекеттік бажды аудару үш жұмыс күніне дейін жүргізілетінін ескеру қажет. Осыған байланысты жоғарыда көрсетілген күндердің ішінде Салық органының тізілімінде төлемді тексеру тексерудің теріс нәтижелерін қайтаруы мүмкін.

36. Пайдаланушы электрондық чектің  бірегей коды енгізілетін және оны іздестіру жүзеге асырылатын «Төлем чегін тексеру» қызметін таңдау жолымен «Сот кабинетінде» ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баж төлемін тексеруді жүзеге асыра алады. Іздестіру нәтижесі ретінде экранда электрондық чектің деректемелері көрсетілетін болады.

10. Жауапты және басқа да сот құжаттарын жөнелту

37. Талап арызды соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы процестік шешім шығарылған кезде талап арызды берген адамның өкілеттіктерін тексеру туралы мәселе талап арызға қоса берілген электрондық құжаттарды негізінде шешіледі.

38. Өкілдік етуге және сенімхатқа байланысты өкілеттіктерді тексеру істі сот талқылауына дайындау сатысында электрондық құжат нысанында талап арызды берген адамды сотқа шақыру жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

39. Азаматтық іс жүргізу кодексінде және Қылмыстық-процестік кодексте көзделген жағдайларда пайдаланушыға жауаппен бірге электрондық құжат нысанындағы сот құжаты Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесі арқылы жөнелтіледі.

40. Электрондық арыздарға (өтінішке) жауапты жасау және жөнелту рәсімі шығыс құжатты жасау және жөнелту рәсіміне ұқсайды.

41. Жауапты «Сот кабинетін» пайдаланушыға жеткізу үшін құжатты орындаушы мынадай әрекеттерді орындайды:

1) шығыс құжаттың тіркеу бақылау карточкасында «Иә» деген белгімен «БААТЖ арқылы жеткізу»  сияқты жеткізу тәсілі көрсетіледі;

2)  шығыс құжаттың тіркеу бақылау карточкасында «Ұйымның атауы» деген жолда «Классификатор» - «ҚР сот жүйесінің органдары» тізімінен «Сот кабинеті» мәнін таңдау. Қажетті мәнді таңдағаннан кейін «Осы шығыс құжатты алушылар» деген жолға «Сот кабинеті» мәні қойылуға тиіс.

3) кіріс электрондық арызбен (өтінішпен) байланыстыру жүргізіледі.

42. «Сот кабинеті» арқылы жеткізілген кіріс электрондық арыздың (өтініштің) карточкасында арыз берушінің бірегей сәйкестендіру деректері қамтылады.

Шығыс жауапты арыздың (өтініштің) кіріс карточкасымен байланыстыру рәсімі міндетті болып табылады, өйткені байланыстыру кезінде арыз берушінің сәйкестендіру деректері кіріс арыздың (өтініштің) тіркеу бақылау карточкасынан алынады. Егер байланыстыру рәсімі орындалмаған жағдайда, «Сот кабинетін» пайдаланушыға жауап жеткізілмейді.

43. Шығыс құжаттың карточкасында барлық деректемелер енгізілгеннен кейін карточканы сақтау және Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесі арқылы жөнелту рәсімін орындау қажет. Бұл .гін әрекеттер панелінде «ҚР СО БААТЖ»/ «ҚР СО БААТЖ арқылы жөнелтуге дайындау» батырмасын басу керек.

44. Жөнелтуге дайындалған, «Сот кабинетін»  пайдаланушыға арналған шығыс құжат  Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесі арқылы жеткізіледі.

11. Арызды (өтінішті) қарау мәртебесі және нәтижесі

45. Жөнелтілген арыздар (өтініштер) арыздардың (өтініштердің) тізімінде көрсетіледі.

46. Арызбен (өтінішпен) танысу үшін тізімде оны басу қажет. Оның нәтижесінде:

1) арыз (өтініш) туралы ақпаратпен;

2) өтінішті (арызды) қарау мәртебесімен;

3) арызға (өтінішке) берілген жауаппен танысуға болатын арыздың (өтініштің) терезесі ашылатын болады.