"Тәртіп және құқық" газеті 10.04.2014 ж Сот жүйесін жаңғырту

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

 Сот жүйесін жаңғырту

Қазақстан Республикасында сот жүйесінің құрылысы мен қызметінің ұйымдастыру мәселелері Қазақстан Республикасының Конституциясы және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық Заңымен реттеледі.

Аталған Заң қабылданғаннан кейін «Қазақ СРО сот құрылысы туралы» 1990 жылғы 23 қарашадағы Қазақ  Кеңестік Социалистік Республикасының Заңы күшін жойды.

Қазіргі таңдағы қолданыстағы заң сот құрылысы және сот ісін жүргізу мәселелерін реттейді.

Мемлекетте кезегімен өткізіліп жатқан сот реформасы шеңберінде сот жүйесін жетілдіру және оның қызметін жақсарту мақсатында атқарылып жатқан сот жүйесіндегі өзгерістерді жаңғырту деп қарауға болады.

 Бүгінде сот жүйесі ҚР Конституциялық заңымен 2012 жылы 16 ақпандағы ұйымдастыру және құрылымдық бөлігіне енгізілген өзгерістерімен,  2012 жылғы 1 шілдеде заңды күшіне енген, жоғарыда аталған конституциялық заң негізінде әрекет етуде.

Сот жүйесін әрі қарай жаңғырту қажеттілігі туралы мәселесін көтергенде келесіні есте сақтау керек. Біріншіден, үнемі  өзгертулер немесе сот жүйесін жаңғырту бұл қара бастың қамы емес. Екіншіден, сот жүйесінің қызметі мен басты ұйымдастыру жағдайының тұрақтылығы мен өзгермейтіндігі – соңғы он жыл ішінде  сөзсіз қоғам мен мемлекетте беделді  тудырып, бекітуде.

Сондықтан бар сот жүйесін қайта жасау немесе өзгерту бойынша түрлі ұсыныстарға мемлекет Конституциясында оның қызметінің басты ережесі бекітілгенін ұмытпай, өте жауапкершілікпен және салмақпен келу керек.

Бүгінгі күні қоғам тарапынан биліктің басқа тармақтарына айтылып жүргендей белгілі бір наразылықтар болса да, мемлекеттің сот жүйесі жеткілікті тұрақты әрі нәтижелі жұмыс жасауда. 

Қазіргі кездегі үш сатылы сот жүйесінің сот құрылысы жеткілікті түсінікті әрі қарапайым, дамудың қазіргі кезеңінде қандай да болмасын өзгеріс енгізудің қажеттілігі туындап тұрған жоқ.

Сонымен қоса, сот ісін жүргізу мәселесінде оны әрі қарай жетілдіру, оңайлату мен нәтижелілігін көтеруде мүмкіндіктер байқалуда.

Қолданыстағы қылмыстық не азаматтық істер бойынша бірінші саты соты шығарған сот актісін тексеру жүйесі тым артық, қолайсыз, қиын әрі ұзақ болып көрінеді.

Мысалы, азаматтық іс бойынша сот шешіміне шағым, наразылық келтіріліп, апелляциялық, кассациялық, қадағалаушы тәртібінде қайта қаралуы мүмкін.  Сонымен қатар, ерекше жағдайларда қадағалаушы тәртіпте шығарылған ҚР Жоғарғы Сотының қаулылары ҚР Жоғарғы Сотының жалпы отырысында қайта қаралуы мүмкін. Және тағы бір рет сот шешімі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы ықтимал.

Сонымен сот актісі теориялық тұрғыдан 5 рет қайта қаралуы мүмкін екен. Кейбір жағдайда біраз уақыт өткен соң бастапқысына қарағанда кереғар шешім қабылданып, сот шешiмiнiң орындалуын қайта бұрып атқару  қажеттілігі туындайды және  кейде оны жасау мүмкін болмайды.

Мұндай құқықтық жағдайларда тараптар тұрақты сот шешімі ретінде сот актісін объективті қабылдай алмайды және сот қарауы жедел деп қабылданбайды, керісінше  - бітпейтін әуре-сарсаңды сот қарауына,  ұзақ сот дауына айналады.

Бүгінгі үйлесімді үш сатылы сот құрылысының жүйесі ондай үйлесімді жүйе болып көрінбейді. 

Сот актісін тексеру екі рет қана болғаны дұрыс. Бірінші рет заңды күшіне енбеген сот актісі қайта қаралады – қазіргі таңда бұл жеке қаралатын апелляциялық тәртіп. Екінші рет  (және соңғы) қаралуы мүмкін заңды күшіне енген сот актісі – бүгінде ол алқа құрамындағы кассациялық тәртіп. Осы тұста сот актісін тексеру мүмкіндігі аяқталуы тиіс.

Қазіргі кездегі облыстық және оларға теңестірілген соттары сынды апелляциялық және кассациялық сатылары сот жүйесінің бір сатысында бола алмайды және болмау керектігін бірден атап өту қажет деп ойлаймын. Бір құрылымда жұмыс жасау әділ болып, ешқандай шынайы тәуелсіздікке алып келмесі анық.

Егер, қазіргі үш сатылы сот құрылысын қозғамай, жаңа облысаралық сот органдарын ұсынбасақ, онда кассациялық қараудағы істерді ҚР Жоғарғы Сотының құзыретіне енгізу қажет. Бұл мемлекетте бірыңғай сот практикасын қамтамасыз етудің тиімді әдісі болар еді, ал ондай мәселе бар.

Қадағалаушы тәртіпте сот актілерін қайта қарау әрине ерекше саты ретінде ҚР Жоғарғы Сотында қалдырылғаны жөн. Біріншіден, қадағалаушы сатыда шағым келтіру негізі мен тәртібін тарылту қажет. Екіншіден, іріктеу принципі бойынша сот актілерін қадағалаушы тәртіпте қайта қарауды ҚР Жоғарғы Сотына міндеттемей, құқық бекіту.

Сот практикасының тұтастығын қамтамасыз ету және қажет жағдайда өз сот жүйесінің оған әсер етуі үшін шынайы мүмкіндігін қамтамасыз етуде ҚР Жоғарғы Соты төрағасының құзыретіне кез-келген сот актісіне наразылық беру құқығы енгізілу керек.

Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау мүмкіндігі заңды күшіне енген шешімдерді тексерудің ерекше тәртіп ретінде  қалдырылу тиіс.

Демек, үш сатылы сот жүйесінде сот талқылауының және сот актілерін тексерудің үш сатысын орнатуға болады – бірінші саты (аудандық соттар), екінші саты – апелляция (облыстық соттар) және үшінші – кассациялық саты (ҚР Жоғарғы Соты).

ҚР Жоғарғы Сотында сот актілерін қайта қарау ерекше саты ретінде қадағалаушы тәртібін орнату қажет.

Істерді алқа құрамында және жеке қарауға қатысты, алқада апелляциялық тәртіпте істерді қараудан бас тарту және кассациялық және қадағалаушы тәртібінде істерді қараудың ықшамдалған алқалы тәртібі (алқаның толық құрамында емес, керісінше 3 немесе 5 судья құрамында) сот жүйесінің озық өзгерісі деп байқалмайды. Әлбетте, ол ыңғайлы әрі сот сатыларын жұмысын жақсартады, алайда жеке бірінші саты соттары бойынша шығарылатын сот актілерін тексеру заңдылығы мен негізділік деңгейін көтеруге әсер етпейді.

Алқа құрамында сот актілерін тексеру тиімді болып көрінеді, үлкен шамада іс бойынша тараптар мүдделеріне және аз шамада сыбайлас жемқорлық қатерлеріне  шалдықпауға жауап береді.

Жалпы сот жүйесін жаңғыртудың бар көрінісін кең көлемде баяндауға, жан-жақты әрі жекелеген ұсыныстарды дәлелдеп, негіздеуге мақаламен шектелу әрине мүмкіндік бермейді. Сондықтан мемлекетіміздің сот жүйесін жаңғырту мәселесі жөнінде айтылып жүрген басқа ұсыныстар мен ескертумен қатар қаралуы, талқылануы, сыналуы мүмкін ұсыныстар тезис түрінде баяндалды.

 

 

Қостанай облыстық сотының судьясы

В.М. Шакун