"Заң" газеті 02.04.2014 ж Ардагерлер арамызда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

 

 

 Қостанай қалалық сотында облыстық Судьялар одағы филиалының төрағасы Б.Ордабаевтың төрағалық етуімен сот жүйесінің ардагерлері Т.Жармұхамедов, А.Рахаделова, Л.Прохорова, Р.Абеновалар жас судьялармен кездесті.

Кездесу барысында ардагерлер өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, жас судьяларға ақыл-кеңестерін айтып, сот құрылымының бүгінгі жаңалықтарын талқылады. «Сот төрелігін адал атқарыңдар, уақыт талабына сай қызмет жасаңдар, оң беделге ие болыңдар» деген игі тілектерін жеткізген қарт-қазылар жүрекжарды лебіздерін де жеткізді. Ұрпақтар жалғастығын көздеген бұл кездесу алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенім мол.

 

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі