"Заң" газеті 06.05.2014ж Жерге қатысты дауларды шешудің тәртібі сараланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Облыстық соттың оқу орталығының жетекшілігімен жақында «Жер пайдалану құқығы туралы даулар (шекараларын бұзу, өз бетінше басып алу, мемлекет пайдасы үшін жер учаскелерін алып қою)» тақырыбында семинар өтті. Семинарға азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Д.Шипп, облыстық сот судьялары мен Қостанай, Рудный, Лисаков қалалық соттарының, Қостанай аудандық сотының, МАЭС-ның судьялары қатысты.

 Жиында Қостанай қалалық сотының судьясы Ж.Садвокасов, экономикалық сот судьясы М.Салькеева, Қостанай қалалық сотының судьясы А.Ерғалиев, Қостанай облыстық сотының судьясы Ж.Жайлебаева жер заңнамасының бұзылуын, оны шешудің тетіктері туралы әңгімелеп, мысалдар келтірді.

Семинар соңында азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Д.Шипп барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, семинар мазмұнды болғанын, осы санаттағы істерді қарауда кейбір қиыншылықтар кездесетінін және аталған даулардың соттылығына назар аудару керектігін атап өтті.

Тэгтар: