"Заң" газеті 09.04.2014 ж Қазыларға қатысты шағым азайған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

 

  Қостанай облыстық сотында 2014 жылғы I тоқсандағы сот төрелігінінің жұмысын қорытындылаған брифинг өтті. Брифингке жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де келді.

Брифингте сөз алған Қостанай облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы У.Қошанов сот жұмысына баға беріп, өткен тоқсанда Қостанай облысы соттарында қаралған істер бойынша барлық статистикалық деректерге тоқталды. Есептік кезеңде Қостанай облысы соттарына барлығы 897 қылмыстық іс, азаматтық іс бойынша 10 730 арыз, 6847 әкімшілік іс түскен. Осы аралықта медиация рәсімін қолданумен 618 іс аяқталған. Судьялар әдебі жөніндегі комиссия төрағасы В.Шакун тілшілер тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, соңғы жылдары судьяларға қатысты шағымдардың азайғанын тілге тиек етті. Мәселен, 2014 жылғы I тоқсанда судьялар әдебі нормаларын бұзуға қатысты 2 шағым түскенін, алайда, тексеріс нәтижесі бойынша олардың расталмағанын жеткізді.
Жалпы, сот пен БАҚ өкілдерімен сұхбат өз деңгейінде өтті. Брифинг соңында төраға міндетін атқарушы БАҚ өкілдеріне шараға қатысқандары үшін алғысын айтып, әрі қарай бірлесе жемісті жұмыс жасап, тілшілермен осындай кездесулерді жиі өткізу қажеттілігін сөз етті.

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі 

Тэгтар: