"Заң" газеті 15.04.2014 ж Тілшілер білмейтін құпия жоқ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Жуырда Қостанай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты, Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты бірлесіп 1-тоқсандағы жұмысын  қорытындылады.  Жиын барысында сот төрағалары қаралған істер бойынша статистикалық деректерді жария етіп, тілшілер сұрағына жауап берді.
Қостанай облысының жергілікті соттары аумақ тілшілерімен мұндай басқосударды өткізуді дәстүрге айналдырған. Соттардың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен қарым-қатынасы жоғары деңгейде. Тілшілер сот қабырғасында қаралып жатқан қандай да бір қоғамдық пікір туғызатын іске қатысты ақпаратты дереу алып, оны жергілікті басылымдарда жариялауда, телеарналарда көрсетуде кедергілерге кездесіп жатқан жоқ. Алайда, кейде анық-қанығын білмей, іске қатысты өз пікірлерін білдіретін тілшілер де кездеседі. Сыни тұрғыда жарияланған мақалаға Қостанай облыстық сотының ресми сайтында негізделген жауаптар орналастырылады. Жалпы, сот тынысы туралы ақпаратты  жедел әрі объективті жеткізу сот қызметкерлері мен тілшілерге байланысты болмақ.

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі
 

Тэгтар: