"Заң" газеті 20.03.2014 Судьялар сертификат алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

  Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде сот құрылымының кәсіби деңгейлерін көтеру керектігі айтылған-ды. Судьялар алдына қойылған міндеттерді шешу үшін Қостанай облыстық сотының төрағасы Ғ.Мырзакенің ұсынысы бойынша «Қостанай облысының Азаматтық альянсі «ГрИн» қоғамдық қорының директоры Г.Капенова Қостанай облыстық сотының судьялары үшін «Ересектерге арналған интерактивті сабақ беру әдістемесі» тақырыбында екі күндік семинар өткізді.
Мұндай семинардың маңызы зор, өйткені, жоғары сатыдағы судьялар ретінде облыстық сот судьяларына сот төрелігін жүзеге асырудан, төмен тұрған соттардың қателерін жөндеуден тысқары сот төрелігін іске асыру сапасын көтеру мақсатында оқу семинарларын өткізу міндеті жүктелген. Және бұл семинарлардың мазмұны ғана бай, пайдалы емес, формасы жағынан да қызықты болғаны жөн.
Семинар қорытындысына сай, облыстық сот судьяларының басым бөлігі ересектерге арналған интерактивті сабақ беру әдістемесінің оқыту тренері болу құқығына ие ететін сертификат алды. Қазіргі таңда Қостанай облыстық сотының судьялары игерген дағдылары мен шеберліктерін тәжірибеде белсенді қолдануда.

Б.АБУЛХАИРОВА,

Қостанай облыстық сотының судьясы,
оқу бағдарламаларының үйлестірушісі

Тэгтар: