"Заң" газеті 22.01.2014 ж Құқығы тапталған халықтың сүйенері -сот

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының акт залында 2014 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Е.Н.Әбдіқадыровтың, Қостанай облыстық сотының төрағасы Ғ.Ж.Мырзакенің және облыстық соттың алқа төрағалары мен судьяларының, аудандық және оған теңестірілген соттарының төрағалары мен судьяларының, Қостанай облыстық соты кеңсе басшысының қытысуымен Қостанай облысы соттарының 2013 жылы сот төрелігін іске асыру қорытындысы туралы кеңейтілген кеңес өтті.

Күн тәртібі бойынша алқа төрағалары У.К.Қошанов, Д.А.Шипп апелляциялық тәртіпте 2013 жылғы 12 айда қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер жөнінде сот төрелігін іске асыру қорытындысы туралы баяндама жасады.

Қостанай облыстық сотының судьясы, судьялар әдебі жөніндегі  Комиссияның төрағасы В.М.Шакун азаматтар мен заңды тұлғалардың шағымдары мен жүгінулерін қарау бойынша атқарылған жұмысқа тоқталды.

 Облыс соттарын өткен жылы ұйымдастыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша жасалған жұмыс туралы есепті Қостанай облыстық соты кеңсесінің басшысы Н.Ж. Қатарбеков берді.

Кеңесте Қостанай облыстық сотының төрағасы Ғ.Ж.Мырзаке  кассациялық тәртіпте 2013 жылғы 12 айда сот төрелігін іске асыру қорытындылары туралы және Мемлекет Басшысының Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде қойған тапсырмасы төрегінде 2014 жылға мақсаттар мен міндеттерді айтты. Олар:

  1. Сот төрелігін сапалы және жедел іске асыру;
  2. Судьялардың кәсіпқойлығын көтеру;
  3. Кадр саясатын жетілдіру;
  4. Азаматтардың қалың көпшілігіне сотқа деген қол жетімділігін қамтамасыз ету;
  5. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жалғастыру;
  6. Сот жүйесі ішінде судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету;
  7. Сот жүйесінің беделін көтеру мен бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекет жасау.

 Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда облыс соттарына бұзылған құқықтарын қорғауда азаматтардың талап арызбен көптеп жүгінгенін, бірінші саты соттарында бітімгершілік келісіммен аяқталған істер санының ұлғайғандығын, сот хаттамаларының толықтығы мен сапасын қамтамасыз ететін сот процестерін электронды жазуы кең қолданып жатқандығын, статистикалық деректерге сәйкес азаматтық істер бойынша сот төрелігін іске асыру сапасы жақсарғандығын және соттарда қылмыстық істердің қаралуы өскендігін атап өтті.

Қорытынды сөзінде сот төрағасы Ғ.Мырзаке Қазақстан Республикасы Президенті мен Жоғарғы Сот төрағасы қойған көлемді міндеттер табандылықпен, жоспарлы түрде шешілетінін, оны жүзеге асыру үшін Қостанай облысы судьяларының мүмкіндіктері мен күш-қуаты жететіндігін баса айтты.

Кеңеске қатысушыларға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Е.Н.Әбдіқадыров істерді қарау сапасының мәселелері, жалпы сот төрелігін жақсартуға бақытталған шараларды айтып, Қостанай соттарының қызметіне тұрақты әрі оң баға берді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Судьялардың VI съезінде айтқан сот ісін жүргізуді және сот құрылысын одан әрі жетілдіру, даулар мен жанжалдарды шешуде баламалы тәсілдерді енгізу, сот төрелігінің ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету, судьялардың кәсіпқойлылығын, олардың қызметтерінің және материалдық жағдайларын арттыру тапсырмасы төрегінде соттардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге тоқталып, жалпы сот жүйесін әрі қарай жетілдіру бойынша ҚР Жоғарғы Сотының жоспарына тоқталды. Және Еліс Нұрқасымұлы салтанатты түрде Қостанай облыстық сотының судьясы  В.М.Шакунға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ІІ дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» атты төсбелгісін табыс етті.

 

 

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тэгтар: