17 жастағы студент баласына бақылау жасамағаны үшін анаға айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Әулиекөл ауданының Құсмұрын ауылының тұрғыны Қостанай мемлекеттік университетінде оқитын кәмелеттік жасқа толмаған ұлына тиісінше бақылау жасай алмағаны үшін 22 270 теңге көлемінде мемлекет пайдасына айыппұл төлейтін болды.

Ағымдағы жылдың 2 наурызында  сағат таңғы 5 шамасында полиция қызметкерлері Қостанай қаласының №15 дүкені маңында заңды өкілдерінсіз жүрген 17 жастағы жасөспірімді тоқтатқан. Ол өзінің беймезгіл уақытта жалғыз жүруін дос қызымен ренжісіп, өзі тұратын пәтерге кетіп бара жатқанымен түсіндірген.

Ұлына бақылау жасай алмаған ана тұрғылықты жері бойынша оң мінезделеді. Кәмелеттік жасқа толмаған екі баласын өсіруде, жұмыс істейді.

Қостанай облысының ювеналдық соты істің мән-жайын қарап, азаматшаны бір жыл ішінде екінші мәрте ҚР ӘҚБтК 442 бабы 3 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі