Адвокатқа кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қаласының №2 соты ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы және 368-бабы 1-бөлігі бойынша (ірі көлемде алаяқтық, парақорлыққа делдал болу) қарастырылған қылмыстық істі жасады деп күдіктеліп отырған Қостанай облысы адвокаттар алқасының адвокаты М-ны қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішті қанағаттандырды.

Адвокат М. ағымдағы жылдың 9 ақпанында Т-мен кездесіп, оған қатысты іс материалдарын тоқтатып, оның қылмыстық жауапкершілікке тартылуының алдын алу үшін мемлекеттік кірістер департаментінің жедел-іздестіру қызметі басқармасының қызметкерлеріне 5 млн. теңге беру қажет екенін айтады. Алайда, М. мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлеріне 3 млн. теңге беріп, 2 млн. теңгені өзі қалтасына баспақ болған.

Бұған Т. өз келісімін беріп, 13 ақпанда сағат 20.00 шамасында адвокатқа 5 млн. теңге береді. Келер күні, 14 ақпанда сағат 11.00 шамасында М. 3 млн. теңгені тиісті адамдарға беріп, қалғанын өзіне қалдырған.

Сот отырысы барысында қорғаушы тарапы кепілдік беру туралы өтініш жасады. ҚР ҚПК 145-бабы 3-бөлігіне сәйкес, күдікті М. 500 АЕК көлемінде депозитке кепілдік соммасы енгізілді.   

М. барлық бап бойынша өз кінәсін толығымен мойындады.

ҚР ҚПК 148-бабы 7-бөлігі бойынша сот күдікті М-ға қатысты кепілдік түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі