Апелляцияда «Арлан» арнайы жасағының шабуылшы аға инспекторына қатысты қылмыстық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қостанай облыстық сотында Қостанай облысы ІІД «Арлан» арнайы жасағының шабуылшы аға инспекторы Б.С.Мырзагалиевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.  

Сотталушы Б.С.Мырзагалиев 2013 жылғы 21 ақпанда Қостанай қаласы Фролов көшесі 148 үйде орналасқан заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру мен ұстау фактісі бойынша жедел іздестіру шараларын өткізу мен адамдарды ұстауға қатысу барысында жол бойында тұрған «Народное такси» ЖШС тиесілі ВА3 2115 маркалы автокөлікке жүгіріп келіп, күш қолдана, автокөлік жүргізушісі B.C.Каверинді салоннан алып шыққан. Содан соң  Б.С.Мырзагалиев өзінің қызметтік өкілеттілігі шегінен шығып, B.C.Каверинді ұрып-соққан.

Қостанай қаласы №2 соты Б.С. Мырзагалиевті  ҚР ҚК-нің 308-бабы 4-бөлігінің «а» тармағында көзделген қылмысты жасауда мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы ауыр қылмыс жасауда кінәлі деп таныды, мүлкі тәркіленіп, жетi жылға дейiнгi мерзiмге құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметте қызметпен айналысу құқығынан және полицияның  аға лейтенанты арнай атағынан айырылып, оған жалпы тәртіптегі түзеу колониясында  жазасын өтеумен бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы Қостанай қаласы №2 сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі