Ардагерлермен өткен кездесу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қалалық сотында 2014 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы судьялар Одағы РҚҰ Қостанай облыстық филиалының 2014 жылға жұмыс жоспарын орындауда әрі сот төрелігін атқаруда адамгершілік ұстанымдар мен заңды мүлтіксіз сақтау рухында тәрбиелеу мақсатында Қостанай облыстық судьялар Одағы филиалының төрағасы Б.С.Ордабаевтың төрағалық етуімен сот жүйесінің ардагерлері, судьялар Кеңесінің төрағасы Т.С.Жармұхамедов, орындарынан түскен судья А.А.Рахаделова, Л.Г.Прохорова, Р.И.Абенова Қостанай облысының жас судьяларымен кездесті.

Ардагерлер өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, жас судьяларға ақыл-кеңестерін айтып, сот төрелігін адал атқарыңдар, уақыт талабына сай қызмет жасаңдар, оң беделге ие болыңдар деген игі тілектерін білдірді.

Алдағы уақытта сот жүйесінің ардагерлері мен жас судьялар тұрақты негізде кездесіп тұрмақшы.