Арқалық түрмесіне есірткі жеткізгендерге қатысты үкім

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.А.Көлбаева 2014 жылғы 11 сәуірде алқабилердің қатысуымен ҚР ҚК-нің  235-бабы  1-бөлігі , 235-4 бабы 1, 2 бөлігі, 259-бабы 4-бөлігінің «а» тармағы бойынша А.Б.Акильжановқа;  ҚР ҚК-нің 235-бабы 2-бөлігі, 235-4 бабы 1, 2 бөлігі, 259-бабы 4-бөлігінің «а» тармағы бойынша А.В.Слесаренкоға; ҚР ҚК-нің 235-бабы 2-бөлігі, 259-бабы 4 бөлігінің «а» тармағы бойынша Д.А.Бейсенбаевқа, Б.А.Асанхановқа, А.Г.Вахрушевке, К.А.Медведевке, Ж.Ж. Молдағалиға; ҚР ҚК-нің 259-бабы 3-бөлігінің «а»,«б»,«в» тармағы бойынша А.В.Родэрмельге қатысты қылмыстық істі қарады.

Қостанай облысы бойынша ҚАЖД УК 161/12 түзеу мекемесі аумағында сотталушыларға есірткі заттарын жеткізіп жүрген ұйымдасқан қылмыстық топ құрылған болатын.

Сотталушылар түрме аумағында есірткі заттарын жеткізіп, оны таратумен айналысқан. Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында УК 161/12 қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар болған. Олар ҚР оңтүстік өңірлерінен Арқалық қаласына есірткі заттарын сатып алу мен тасымалдауды ұялы байланыс арқылы жасаған.

Сот үкімі бойынша А.Б. Акильжанов  ҚР ҚК-нің 235-бабы 1-бөлігі, 235-4 бабы 2-бөлігі, 259-бабы 4-бөлігінің «а» тармағы бойынша ерекше тәртіптегі түзеу мекемесінде жазасы өтеумен 17 (он жеті) жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі бойынша А.В. Слесаренко  ҚР ҚК-нің 235-бабы 2-бөлігі, 235-4 бабы 2-бөлігі, 259-бабы 4-бөлігінің «а» тармағы бойынша ерекше тәртіптегі түзеу мекемесінде жазасы өтеумен 16 (он алты) жыл 6 (алты) айға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі бойынша Д.А. Бейсенбаев  ҚР ҚК-нің 235-бабы 2-бөлігі , 259-бабы 4-бөлігінің «а» тармағы бойынша ерекше тәртіптегі түзеу мекемесінде жазасы өтеумен 16 (он алты) жыл 6 (алты) айға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі бойынша Б.А. Асанханов  ҚР ҚК-нің 235-бабы 2-бөлігі , 259-бабы 4-бөлігі «а» тармағы бойынша ерекше тәртіптегі түзеу мекемесінде жазасы өтеумен 16 (он алты) жыл 6 (алты) айға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі бойынша Ж.Ж. Молдагали  ҚР ҚК-нің 235-бабы 2-бөлігі , 259-бабы 4-бөлігі «а» тармағы бойынша қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде жазасы өтеумен 15 (он бес) жыл 6 (алты) айға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі бойынша К.А. Медведев  ҚР ҚК-нің 235-бабы 2-бөлігі , 259-бабы 4-бөлігінің «а» тармағы бойынша қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде жазасы өтеумен 16 (он алты) жыл  бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі бойынша А.Г. Вахрушев ҚР ҚК-нің 235-бабы 2-бөлігі , 259-бабы 4-бөлігінің «а» тармағы бойынша қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде жазасы өтеумен 15 (он бес) жыл   6 (алты) айға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі бойынша А.Г. Родэрмель  ҚР ҚК-нің 259-бабы 3-бөлігінің «а,в» тармағы бойынша қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде жазасы өтеумен 10 (он ) жылға  бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.