Асламбек Мерғалиев: "Сот төрелігін шыңдау оның ашықтығын арттырып, қылмыстық сот ісін жүргізуде құқық қорғау механизімін арттырады"

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев Жітіқара қаласының активімен және тұрғындарымен кездесіп, қылмыстық процесті реформалау және құқық қорғау қызметінің өзге де аспектілерін жетілдірудің негізгі жолдарын түсіндірді.  Кездесу Жітіқара аудандық әкімдігінде өтіп, оған аудан әкімі, құқық қорғау және мемлекеттік органдар басшылары қатысты.

Жиында сөз алған сот төрағасы халықаралық және отандық құқықтық жүйе тәжірибесін ескере отырып алты негізгі басымдылыққа көңіл бөлініп дайындалған «Қазақстан Республикасындағы қылмыстық процесті жетілдіру туралы» Заң жобасының новеллаларына тоқталды.

Асламбек Мерғалиев өз сөзінде: "Қылмыстық процесті одан әрі жетілдіру және сот төрелігін шыңдау оның ашықтығын арттырып, қылмыстық сот ісін жүргізуде құқық қорғау механизімін арттырады"- деп атап өтті.

Ұсынылған жаңашылдықтардың артықшылықтарына тоқталған Асламбек Амангелдіұлы адамның конституциялық құқықтарын қорғау тетіктерінің артуын мәлімдеді. Атап айтқанда, реформа шеңберінде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылатын қылмыстар санатын қысқарту, бұлтартпау шарасын таңдау үшін ұсталғанды сотқа жеткізу мерзімінің 48 сағатқа, ал жасөспірімдер үшін 24 сағатта сотқа дейін қысқарту, сотқа дейінгі сатыда сот бақылауын  кеңейту, тергелетін қылмыстық істің шеңберден тыс шығатын дәлелдемелерді жинау тәжірибесін алып тастау, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының оларға қатысты жасырын тергеу әрекеті жүргізіліп жатқан тұлғаларды  хабардар ету туралы міндетін бекіту. Сонымен қатар, аталған жобада іс бойынша айғақ жинауда адвокаттар құзыретін айтарлықтай кеңейту көзделген.

Сонымен қатар, облыстық сот төрағасы «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты бағдарламалық құжатқа тоқталып, осы негізде облыс соттарымен атқарылып жатқан жұмыстар барысын мәлімдеді.

 

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі