Асламбек Мерғалиев сот ұжымына жаңадан тағайындалған "Қостанай облысы соттар әкімшісі" РММ басшысын таныстырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев сот ұжымына жаңадан тағайындалған Қостанай облысы бойынша сот әкімшісінің басшысы Әбдіжәми Әбдірахманұлы Құлдүйсеновты таныстырды.

Жаңа басшы Қызылорда облысында туған, инженер-экономист мамандығы бойынша жоғары білім алған. Сонымен қатар, Әбдіжәми Әбдірахманұлы Құқықтық «Әділет» жоғарғы мектебін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Бұған дейін, ол сегіз жылдан астам уақыт Жамбыл облысында сот әкімшісінің басшысы қызметін атқарған. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай мерекелік медальмен және  ҚР ЖС жанындағы сот қызметін қамтамасыз ету жөніндегі департаменттің 3 дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалімен марапатталған.

Таныстыру барысында сот төрағасы Асламбек Амангелдіұлы жаңа басшыға жұмыста табыс, жаңа жетістіктер тіледі.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі