Бостандығын бағалай білмеген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арқалық қалалық соты 2014 жылдың 30 маусымында жазаны өтеу мерзiмiнен бұрын-шартты түрде 1 жыл 4 ай бұрын бостандыққа шыққан азамат Ш.-ға қатысты шартты жазаны жою туралы Арқалық қ. ІІБ өтінішін қарады.  

Іс материалдарында көрсетілгендей, мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шыққан Ж. жазаны өтеу уақыты біткенге дейін әкімшілік құқық бұзушылық жасауға болмайтындығы туралы ескертілгеніне қарамастан үш мәрте әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Және де әр құқық бұзушылық жасалған сайын оған қатысты ҚР ҚК 70 б. 7 б. қолданылып, шартты түрде бостанддыққа шығуы жойылуы мүмкіндігі ескертілген. Алайда азамат тиісті ұйғарым жасамаған. Нәтидесінде Арқалық қалалық сотының қаулысымен әкімшілік құқық бұзушы қайтадан бас бостандығынан айырылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Арқалық қалалық соты