Бұрынғы боксшыға қатысты қылмыстық іс сотпен қаралған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сотпен Өз іс-әрекетіне есеп бермей, созылмалы психикалық аурумен ауыратынА.С. Муканов, 2019 жылы 11 шілдеде таңертең Қостанай облысының Қостанай ауданы Алтын дала ауылында, өз туыстарының үйінде, ұйықтап жатқан күйеу баласы С.Ж.Пшенбаевтың мойына пышақпен көптеген соққылар жасап, жәбірленуші оқиға орнында қайтыс балғаны, А.С.Муканов оқиға орнын тастап, одан әрі полиция қызметкерлерімен ұсталғаны  анықталды

2020 жылғы 12 маусымында Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен А.С.Муканов Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 2- бөлігі 3) тармағымен көзделген қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті есі дұрыс емес жай-күйінде жасағаны дәлелденді.

А.С.Мукановтың есі дұрыс емес жай-күйі комиссиялық психологиялық психиатриялық сараптамамен және басқа қылмыстық істің материалдарымен расталған.

ҚР ҚК-нің 16 бабына сәйкес, А.С.Муканов қоғамдық қауіпті әрекетті есі дұрыс емес жай-күйінде жасауына байланысты, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 3) тармағымен А.С.Мукановқа қатысты қылмыстық істің өндірісі тоқтатылды, А.С.Муканов қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Осы қаулысымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің            91-бабы 1-бөлігі 1) тармағы, 93-бабы 1-бөлігі 4) тармағына сәйкес, А.С.Мукановқа қарқынды бақылаумен мамандандырылған түрдегі психиатриялық станционарда мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі