Бюджет қаражатын ұрлау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Жітіқара аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 176-бабы 3-бөлігі "б,г"-тармағы мен 314-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасауда 1967 жылы туған азаматша К. кінәлі деп танылды. Үш жылға дейiнгi мерзiмге мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырылып, мүлкi тәркiленiп, оған жалпы тәртіптегі түзеу колониясында жазасын өтеумен бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚР ҚК-нің 72-бабы 1-бөлігіне сәйкес К-ға тағайындалған жаза мерзімі бес жылға дейін кейінге қалдырылды.

К. қылмысты жасау кезінде Қостанай облысы әкімдігінің білім беру Басқармасының "Жітіқара политехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас бухгалтері болып жұмыс істеген, мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi және оған теңестiрiлген адам бола тұра, сеніп тапсырылған бюджет қаражатын иелену әрі ысырып ету жолымен өз қызметтік жағдайын пайдалана, өзіне пайда мен артықшылықты алу мақсатында, ресми құжаттарға көрiнеу жалған мәлiметтердi eнгiзу жолымен бюджет қаражаты - бөтен мүлкін ұрлаған. Соның салдарынан мемлекетке «Қостанай облысы әкімдігінің білім беру Басқармасы» ММ-ға ірі көлемде материалдық зиян келтірген.

«Қостанай облысы әкімдігінің білім беру Басқармасы» ММ-нің талабы толық көлемде қанағаттандырылды.

К.-дан «Қостанай облысы әкімдігінің білім беру Басқармасы» ММ-нің  пайдасына зиянның 883 520 теңге сомасы және  мемлекет пайдасына мемлекеттік баж салығының 26 505 теңге сомасы өндірілген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.