Дөрекі сөз айтқан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 330-бабы 1-бөлігі бойынша азамат М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

2014 жылы 08 сәуірде сағат 17.00 азамат М. ішімдік ішкен күйде Владимиров ауылындағы «Владимиров ауыл округінің әкімдігі аппараты» ММ-нің ғимараты ішінде қоғамдық тәртіпті әрі адамдардың тыныштығын бұзып, дөрекі сөздер айтқан.

Құқық бұзушы М. айып тағылған құқық бұзуда кінәсін мойындамаған. Сонымен қатар, әкімшілік жаза салу туралы мәселені шешу барысында соттан әкімшілік айыппұлды бөлеп төлеуді сұрады.

Сот қаулысымен азамат М. әкімшілік жауапкершілікке тартылып,  оған 3 тәулікке қамау түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.