«Электронды сот өндірісі және әділ сотқа қол жеткізу» тақырыбында өткен дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылғы 11 сәуірде Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты экономикалық сот судьялары, Салық департаменті, Әділет басқармасы,  «АСПредКО» АҚ, «ССГПО» АҚ, «ҚЖЭК» МКМ, «Тазалық-2012» ЖШС және Қостанай қаласында орналасқан банкі өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің қатысушылар назарына «Электрондық үкімет порталы» арқылы талап арыздарды беру бойынша мастер-класс ұсынылды. Қостанай облыстық ауруханасының заңгері С.В.Третьяков "Элетрондық үкімет порталы" арқылы талап арыз берудің тәртібін, әр қадам бойынша түсіндіре, бейнежазба арқылы көрсетті. Банк өкілдері заңды тұлғаларға баж салығын төлеу жағдайын түсіндірді. Сонымен қатар, МАЭС маманы В.А.Гамова сот ісінің материалдарына (электрондық бақылау сот өндірісі) қол жеткізу паролін беру тәртібі баяндады.

Дөңгелек үстел нәтижесі бойынша электронды сот өндірісінің оң жақтары айқындалды.Олар:

  • Уақытты және материалдық құралдарды үнемдеу (қағаздар, пошта шығындары);
  • Тәуліктің кез-келген уақытында талап арыз беру мүмкіндігі;
  • Электрондық бақылау өндірісі арқылы істің қаралу барысы туралы ақапарат алу, сот актілерін және іс материалдарын жүктеу мүмкіндігі;
  • Сот отырысы туралы хабарламаны электронды пошта АҚ арқылы алу.