Федоров аудандық сотының тоқсан қорытындысы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Федоров аудандық соты 2014 жылғы 8 сәуірде ағымдағы жылдың 1-тоқсан жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді. Брифингке аудандық сот төрағасы А.А.Әбдіғали, судьялар және «Федоров жаңалықтары» газет тілшісі Б.Сапарова қатысты. Тілші есептік кезеңдегі сандық және сапалық жұмыс көрсеткішімен танысты. Есептік кезеңде аудандық сот 498 іс пен материал қараған, өткен жылдағы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 52 іске көп. Оның ішінде 176 азаматтық, 26 қылмыстық және 193 әкімшлілік іс қаралған. Медиатордың қатысуымен 19 іс аяқталған. Әр судьяның бір айдағы орташа жүктемесі 55 іс пен материалды құрайды. Істерді қарау мерзімдерін бұзу болмаған. Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері басымды бағыттардың бірі болып қала бермек, сол себепті 2014 жылғы 1 тоқсанда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 14 жоспарлы және жоспардан тыс жедел кеңес өткен.

2013 жылдан сотта сот отырыстарының бейне-дыбыс жазбасы қолданылады, барлық процестер электрондық-сандық жеткізушіге жазылып, іске тіркеледі.

Брифингте соңғы жылдары сот жүйесіне енгізілген «Электронды бақылау өндірісі», өңделген аудандық Интернет-ресурсы туралы да айтылды. Сонымен қатар, бірқатар сұрақтар қойылып, оларға жауаптар мен түсініктемелер берілді.