Қайтыс болу фактісі анықталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ҚР АІЖК-нің 291-292 баптарына сәйкес сот арыз берушiнiң фактiлердi куәландыратын тиiстi құжаттарды өзге тәртiппен алуы мүмкiн болмаған жағдайда заңдық маңызы бар фактiлердi анықтайды.

Алтынсарин аудандық сотына азаматша Ч. 2.11.1931 жылы туған жұбайының қайтыс болу фактісін анықтау туралы арызымен жүгінген. Жұбайы қайтыс болғаннан кейін ол учаскелік инспектор мен ауыл фельдшерін шақырса да, аудандық ауруханаға уақытында жүгінуге үлгірмеген. Л.-ның қайтыс болу туралы  актi жазуының болмауы оған жерлеуге жәрдемақы мен зейнетақыны алуға кедергілер келтірген.

Сотқа ұсынған материалдар: Л.-ның медициналық кәртішкесі, учаскелік инспектор анықтамалары, куәгерлер жауаптары, Л.-ның амбулаториялық  картасынан үзінді көшірме азамат Л.-ның қайтыс болу фактісін растады.

Сот азаматша Ч. арызын қанағаттандырып, 2013 жылы 31 қазанда Алтынсарин ауданы Танабай ауылында 2.11.1931 жылы туған  Л.-ның қайтыс болу фактісін анықтады.