Көктем мерекесімен!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мереке қарсаңында Қостанай облыстық сотының төрағасы Ғалымжан Мырзаке салтанатты түрде адамзат жаратылысының ең тамашасы әйелдер қауымын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтап, отбастарына амандық, дендеріне саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр тіледі.

Қызметтеріне табыс пен жоғарлауды тілеп, мерекелік құттықтауға апелляциялық сот алқа төрағалары  Убайдулла Қошанов пен Денис Шипп та қосылды. 

Қостанай облысының әйел судьялары, сот жүйесінің ардагерлері мен мамандары басшылық тарапынан жылы сөздерді ғана естіп қоймады, сондай-ақ оларға гүл мен сыйлықтар табыс етілді.

Салтанатты жиында Қостанай облыстық соты кеңсесінің басшысы Нұрлан Қатарбеков әйел қызметкерлерге береке мен сәттілік, көктемгі көңіл-күй тілеп, жылы лебізін білдірді.

 

 

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі