Қостанай қалалық сотында азаматтық іс партисипативтік келісіммен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкерлер Б. жауапкер С-ға ортақ мүлік – Қостанай қаласында орналасқан иеліктегі үйден үлес бөлу туралы шағымымен сотқа жүгінген.

Сот отырысы кезінде тараптар мен олардың өкілдері сотқа дауды партисипативтік келісім жасау жолымен шешу туралы келісімді бекітуге ұсынған. Және де осы негізде істі тоқтатуды сұраған.

Сот іс материалдарын қарап жауапкер С. талапкер Б-ға 3 млн. теңгеден астам қаражат өтеуге міндеттелген партисипативтік келісімді бекітті.   

Ал талапкерлер жауапкер С-ға ортақ мүліктен үлес бөлу туралы шағымдарынан  бас тартады.

Ал келісімде көрсетілген мерзім ішінде жауапер аталған мөлшердегі қаражатты бермеген жағдайда талапкерлер қаражатты мәжбүрлеп өндіру туралы атқару парағын алу үшін сотқа жүгінуге құқылы.

Азаматтық іс өндірістен қысқартылды.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі