Қостанай қаласы №2 сотында өткен сенбілік

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылғы 12 сәуірде Қостанай қаласы №2 сотының қызметкерлері жоспарлы сенбілікке шықты.

Сот мамандары сот аумағын тазалау жұмыстарын жасады. Қажетті еңбек құралдарымен жабдықталған ұжым бар күш-жігерлерімен сот ауласын қалпына келтіріп, терезелер мен орындықтарды жуып, ағаш түптері мен бордюрлерді ақтады.

Ауа-райының жағдайына байланысты гүлдерді отырғызу кейінге қалдырылды.