Қостанай қаласының №2 сотына түскен іс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2011 жылдан 2014 жылға дейінгі кезеңде азаматша А. «Темір жол көлігінде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Басқармасының Қостанай қалалық бөлімшесі» ММ-нің материалдық-жауапты тұлға болып жұмыс істей тұрып, қасақана жалақы сомасын көтерген, ақша қаражатын өзі алып, жұмсаған.

Басшының қолын қолдан жасаған, өзінің карточкалық шотына негізсіз 130 000 теңге сомадағы іссапар шығындарын аударған.

Сондай-ақ 2013 жылғы желтоқсанда қайтыс болу жағдайы бойынша 185 000 теңге мөлшерінде біржолғы жәрдемақыны заңсыз аударды.

Мемлекеттік мекемеге аса ірі мөлшерде 4 106 088 теңгеге нұқсан келтірілді.

Басты сот талқылауы 2014 жылғы 14 сәуірде сағат 14.30-ға тағайындалды.

Тегтер: