Қостанай облыстық соты әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болмауынан әкімшілік іс бойынша іс жүргізуді қысқартып, азаматтың құқығын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Қостанай облыстық соты бірінші саты сотының қаулысымен келіспеген 57-жастағы Борис Безруковтың шағымы бойынша әкімшілік істі қарады.Ол 2007 жылы бар қажетті құжаттарын жинап, Рудный қаласының «Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» РМК өкілетті органға гаражын заңдастыру туралы арыз берген.  Екі рет құжаттарына барса да олар дайын болмаған. Кейін оған құжаттар әділет басқармасына жолданғаны хабарланды,  бір айдан кейін ғана алу керек болатын. Азамат ең соңында ол туралы ұмытып кеткен.

 2017 жылғы шілдеде әділет органына жүгінгендеғана гаражын заңдастыру туралы құжаттарын алған.Содан соң ХҚО тапсырып, мүлікті тіркеу туралы құжатты алды. Бірақ соған қарамастан, тіркеу мерзімін бұзғаны үшін 15 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуменәкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 Азамат Б.Безруковорган қызметкерлерінің кінәсінен гаражға құқық белгілейтін құжаттарды дер кезінде алмаған. Сондай-ақ оның айтуынша тіркеуді өту қажеттілігін ешкім ескертпеген. Әкімшілік сот қаулысына дау келтіре, ол жоғары сатыдағы сотқа жүгінген.

Апелляциялық саты соты істің барлық мән-жайын зерделеп,гаражын заңдастыру туралы құқық белгілейтін құжаттардыБезруковқаәділет басқармасымен ағымдағы жылы 17 шілдеде бергенін анықтаған.Заңда көзделген тіркеу үшін алты ай уақыты бар, ол 2018 жылғы 17 қаңтарда өтеді.

Шын мәнінде Б.Безруковқа қатыстыәкімшілік іс қозғаған Рудный қаласының әділет Басқармасы 6-ай өткен соңтіркеу үшін 2007 жылы 29 желтоқсандағымерзімді анықтаған.

"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және онымен жасалатын мәмілелер туралы" Заңның 9 бабына сәйкес тұлға құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшін негіз болып табылатын заңдық факт басталған, оның ішінде шартты нотариат куәландырған, сот шешімі күшіне енген, өзге де құқық белгілейтін құжаттар берілген кезден бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.

Сонымен тіркеу үшін мерзімдер өтпеген. Тараптарға облыстық сотта түсіндірілгені, егер Безруков құжаттарды 2007 жылы алып, тіркеуді өтпесе,  әкімшілік жауапкершілкке оны тартуға негіз болар еді.

Нәтижесінде, Қостанай облыстық сотыбірінші саты сотының қаулысының күшін жойды,әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болмауынан әкімшілік іс бойынша іс жүргізуді қысқартылды.

  Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі