Қостанай облыстық соты қылмыстық істі онлайн режимінде қарап, тараптарды бітімгершілікке келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қостанай облыстық сотында онлайн режимінде мемлекеттік тілде сотталушы 1977 жылы туған Олжас Каменовтың Арқалық қалалық сотының үкіміне келтірген апелляциялық шағымы бойынша қылмыстық іс қаралды. Ол шағымында өзіне тағайындалған жазаны жеңілдетуді сұраған.

Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы судья Асламбек Мерғаливтің төрағалық етуімен істі бейне-конференц байланысты қолдану арқылы қарады. 

Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 23 ақпанында сағат 10.30 шамасында сотталушы Арқалық қаласында тұратын 74 жастағы зейнеткердің  мүлкін ұрлап кеткен.

Сот үкімімен ҚР ҚК-нің 188 бабы 1 бөлігі бойынша О.Каменовке 1 жыл 1 айға мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сот үкімімен келіспеген ол апелляциялық шағыммен облыстық сотқа жүгінген.

Бейне-конференц байланыс арқылы өткен сот отырысы барысында сот және процеске қатысушылар сотталушы шағымы бойынша іс материалдарын қарап, сот медиациясын қолдану арқылы тараптардың бітімгершілікке келуімен қылмыстық істі қысқартуға келісті. Жәбірленуші де өз тарапынан  сотталушының келтірген шығынын өтегендігін және де кешірім сұрағанын мәлімдеді.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі