Қостанай облыстық сотының төрағасы А.Мерғалиев жұмыс сапарымен Таран аудандық сотында болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев 2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындылау мақсатымен Таран ауданына іссапармен барды.

Жиынға Таран ауданының әкімі Бақберген Өтеулин, аудандық сот төрағасы Сабыр Тажкенов, судьялар мен сот қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында ағымдағы жылдың алты айында сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі нәтижелері мен істерді қарауда заңдылықтардың сақталуы мәселелері айтылды.

Облыстық сот төрағасы А.Мерғалиев Ұлт жоспарында белгіленген сот реформаларының орындалуына, сот процестерінде бейне жəне таспа жазуды қолдануды қатаң бақылау, «Сот кабинеті» серисін белсенді қолдану мәселелеріне баса назар аудару керектігін мәлімдеді. Сонымен қатар, істірдің сапалы әрі уақытылы қаралуына ықпал ететін «Төрелік» ақпараттық жүйесіне  жаңа технологиялардың енгізілуі туралы айтты.

Осыдан кейін, А.Мерғалиев отставкадағы судья Серікбай Малтабаровқа салтанатты түрде Қостанай облысының 80 жылдығына арналған мерейтойлық медаль табыстады.

Іс-шарадан соң облыстық соттың төрағасы аудан азаматтарын қабылдап, олардың сауалдарына жауап берді.    

 

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі