Қостанайда сот азаматтың арнайы қоныста болғандығы туралы заңды дерегін анықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Саяси қуғын-сүргін жылдарында Қиыр Шығыс өңірінің шекараға жақын аудандарынан 20 000 астам кәріс отбасы Қазақстанға жер аударылған. Туған жерін тастап кетуге мәжбүр болған кәріс диаспорасы қазақ жерінде түсіністік пен қамқорлық тапты.

Бүгінде саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танылған жер аударылғандарға Қазақстанда мемлекет тарапынан жеңілдіктер пен жәрдемақы төлеу қарастырылған. «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңының 1-2 бапратына сәйкес, саяси қуғын-сүргiндер ретiнде мемлекеттiк органдар немесе олардың өкiлi болып табылатын лауазымды адамдары саяси себептер бойынша күзетпен қамауға алуды және психиатриялық мекемелерде күштеп емдеудi қоса алғанда өмiрiн жою немесе бас бостандығынан айыру, елден қуып жiберу және азаматтығынан айыру, өмiр сүрген жерлерiнен немесе мекендi аудандарынан аластау (айдау немесе жер аудару), арнайы қоныс аударуға жiберу. Қуғын-сүргiндерден зардап шеккендер ретiнде саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған балалар танылады.

«Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңның 4 бабына сай,жәрдемақыға құқығы бар азаматтар қатарында саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар бар. Осыған орай, азаматқа арнайы мемлекеттік жәрдемақы алу үшін саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккендігінің заңды дерегін анықтауы қажет. Ал бұл заңды деректі анықтау тек сот арқылы ғана жүзеге асырылады.

Қостанай облысының соттарында арнайы қоныста болғандығы фактісін анықтау туралы істердің қаралуы сирек кездесетін жайт емес. Тек Қостанай қалалық сотында 2015 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін мұндай 17 іс қаралып, арыздардың басым көпшілігі қанағаттандырылған.

Мәселен, ағымдағы жылы азамат Владимир Пак заңды маңызы бар факт дерегін анықтау арызымен сотқа жүгінген. Оның ата-анасы 1937 жылы саяси жайттарға сай ықтиярсыз Приморск өлкесінен қозғалыс құқығынсыз Қазақстанға жер аударылып, ІІМ-нің арнайы тізіміне іліккен.

В.Пак өз арызында саяси қуғын-сүргін кезеңінде 1951 жылдан 1957 жылға дейін ата-анасымен бірге өзінің арнайы қоныста болғандығының заңды дерегін бекітуді сұраған.

Сотқа жүгінуші ата-анасы арнайы қонысқа болған кезде 1951 жылы туған. Оның арнайы қоныста туғандығы іс материалдарымен дәлелденеді.

          Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Пак саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккендер қатарына жатады, және де оған зардап шегуші ретінде жеңілдіктер тиесілі.

Бұл істі қарау барысында арыз иесінің ата-анасымен таныс болған куәгер сотқа қатысты. Куәгердің мәлімдеуінше, олар бірге Приморск өлкесінен жер аударылып, кейін Қызылорда облысының Жалағаш ауданының Калинин совхозында бір көшенің бойынша тұрған.

В.Пактің ата-анасы «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заң қолданысқа енуден көп бұрын дүниеден озған.

Сот отырысы барысында сот арыз иесінің бала кезінде өз отбасымен Қазақстан жерінде арнайы қоныста болғандығын нақты анықтап, В.Пактің талаптары негізді деп тапты.

Қостанай қалалық сотының шешімімен азамат Пактің Қазақстан аумағында арнайы қоныста болғандығының заңды дерегін анықтау туралы арызы қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі